1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 мамыр 2011
Шындықты жазғаны үшiн қадiрлеймiн

Мен “Жас Алаш” (бұрынғы “Лениншiл жас”) газетiмен 60 жылға жуық сырлас болып келемiн. 1953 жылы 8-сыныпта оқып жүргенде комсомол қатарына алынардағы жиналыс­та менен Қазақстан жастарының газетiнiң атын сұрады. Мен “Лениншiл жас” деп жауап бергенiмде, “комсомол қатарына алынсаң, өз газетiңдi үнемi алдырып оқисың ба?” дедi. Мен газеттi алдырып оқуға уәде бердiм. Сол уәдемдi әлi күнге орындап келемiн.

Студенттiк кезiмде де және қай жерде жүрсем де сүйiктi газетiмдi қолымнан түсiрген емеспiн. “Жас Алаш” газетiнiң 90 жылдық тарихы – қазақ елiнiң кеңестiк кезеңдегi 70 жылдық, тәуелсiздiк тұсындағы 20 жылдық тарихы. Бұл газеттiң қатпар-қатпар парақтарынан аталарымыз бен бабаларымыздың бiрде өкiнiшке, бiрде үмiтке толы үнi естiледi. Бұл газеттiң өткен жолынан ағаларымыз бен апаларымыздың ерлiк пен еңбекке, қажыр мен қайратқа толы жанкештi өмiрi мен темiрдей төзiмi көрiнедi. Бұл газеттiң бетiнде талай ұрпақтың тағдыры мен талайы бар. “Жас Алаштың” бетiнде ел үшiн, жер үшiн жанын шүберекке түйген Алаш арыстары мен жаңа заманға сенген қажымас қара нардай қайрат­кер­лердiң өшпес iзi, өлмес қолтаңбасы бар. Өткен ғасыр басында Ғани Мұратбаев негiзiн қалаған бұл басылым жастар өмiрiнiң жарғысы болды. Кешегi кеңестiк кезеңде “Лениншiл жас” бетiндегi мазмұнды материалдар арқылы қазақ жастарының әлденеше ұрпағы тәрбие­ленiп шықты. Бүгiнгi таңдағы басылым жастардың бойында патриоттық сезiмнiң нық қалыпта­суы­на айтарлықтай атсалысып келедi. Өзектi мәселелерде “ақ­ты” – ақ, “қараны” – қара деп ара-жiгiн ашық ажыратып айтатын бiрден-бiр басылым деп бiлемiн.
Тарихқа назар аударсақ, газет өз оқырманына рухани азық бола бiлдi, жұртшылықтың жүрегiне бiлiмге құмарлық, өмiрге құштарлық, Отанды сүю, халықты қадiрлеу, ақиқатқа адалдық сияқты абзал қасиет­тердi еге бiлдi. Менiңше, “Жас Алаш” Қазақстанның қоғамдық саяси баспасөзiнiң қалыптасуы мен дамуына басқа басылымдардан гөрi бiрегей үлес қосып келедi. Газет қарапайым халықтың жоғын жоқтап, қамын жейдi, ар-намысын қорғайды, ащы шындықты мейлiнше ашық айтып келедi. Сол үшiн де “Жас Алашты” мыңдаған оқырманы қадiр­лей­дi, сүйiп оқиды. 90 жыл iшiнде “Жас Алаш” түрлi формациядан өткен елiмен бiрге өзгердi, түледi. Шынын айтсам, ел өмiрiнiң айнасы болды, қоғамдық пiкiрдiң алғы шебiнде жүрдi, азат ойлы оқырманын тәрбие­ледi, “Жас Алаш” қазақ халқының рухани өмiрiне орасан зор ықпал етiп келедi. “Жас Алашта” қызмет еткен Жүсiпбек Аймауытов, Смағұл Садуақасұлы, Iлияс Жансүгiров, Бейсенбай Кенжебаев және өзге де қазақ зиялылары ұлттың мақсат-мүддесiн өзiнен кейiнгiлерге аманат етiп кеттi. Олардан кейiнгi әдебиетi­мiздiң классик­терi – Жұбан Молдағалиев, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей, Әбiш Кекiлбаев, Фариза Оңғарсынова, Сейдахмет Бердiқұлов, Ақселеу Сей­дiм­бектер осы газеттiң шеберханасында шыңдалды емес пе?
Қазiргi тәуелсiздiк кезеңiнде де газет өзiнiң осы игi дәстүр­лерiн берiк ұстап келедi. Небiр қазақтың марғасқа ұлдары мен қыздары, сөз зергерлерi халықтың мұңы мен зарын осы газеттiң бетiнде басты. Басып та жүр. Қоғамдағы сан түрлi даулы мәселелердiң анық-қанығын да қарапайым халық “Жас Алаштың” көзқарасымен бағалайды. Өйткенi “Жас Алаш” халықтың сөзiн сөйледi. Менiң ойымша, “Жас Алаш” газетiмен танысқаннан берi ол еш уақытта, еш кезеңде бүгежек болған жоқ, бейтарап, енжар қалған жоқ. Өз ұлтын, тiлiн, мәдениетiн шексiз сүюдiң арқасында қоғамдық пiкiрдi өз деңгейiне көтердi. Халыққа жақын болды. Газет бе­тiндегi материалдардың өзек­тiлiгi мен зерделенуi, демокра­тия­лық құндылықтарды қорғаудағы бекемдiк пен табандылық оқырмандарды үнемi қызықтырып отырады. Газет бетiнде әрдайым ел-жұрт, ауыл-аймақ, ел басындағы басшы, қосшы туралы да, қарапайым халық турасындағы әдiл де әдемi өрiлетiн әңгiмелерi көңiлге жылы ұшырайды, иланып оқисың, риза боласың. Осы басылым арқылы қазақтың небiр қаламгерлерiнiң шығармаларымен таныстық, талай ақиқатқа көз жеткiздiк. “Жас Алаш” өз оқырмандарына патриоттық рух бередi, әсiресе, жастардың бойына ұлттық сана, отансүйгiштiк қасиет қалыптастырады. Оқырмандардың қолдауы мен қорғауына сүйенген “Жас Алаштың” ұжымы өзiнiң кәсiби шеберлiгiмен, белсендi­лiгiмен, азаматтық ұстанымымен ерекшеленедi. Ақиқат қай жақта болса, “Жас Алаш” та сонда! Қашан көрсеңiз, шындықты жар­қырата жазып, халықтың тiлеуiн тiлеп жүредi.
 
Мәндiрғали
ОРАЗҒАЛИҰЛЫ,
еңбек ардагерi, “Құрмет белгiсi” орденiнiң иегерi,
Атырау облысы, Махамбет ауданының Құрметтi азаматы,
Махамбет ауылы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті