1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 мамыр 2011
Таза ауа, таза су, таза тағам...

Бiздер қазiр мынандай келеңсiз жайға куә болып отырмыз. Ауыл шаруашылық өнiмiн әркiм өзi өндiруде, оны ешкiм бақылап жатқан жоқ, олар өз отбасына таза табиғи өнiм егедi де, ал сатылатын өнiмге аямай селитра және т.б. химиялық тыңайтқыштар қолданады. Ол улы өнiмдi халық қыруар қаржыға сатып алып жатыр. Адам ағзасы уланып, түрлi ауруларға шалдығуда. Асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек талмасы, тамақ ауруы үдеп барады. Әсiресе, балабақшаға, мектеп оқушыларына және ауруханадағы науқастарға тамақ өнiмдерi базардан сатып алынады. Облыстық денсаулық саласының мәлiметi бойынша, облысымызда әскерге шақырылған 10 баланың       1-еуi, не 2-еуi ғана жарамды. Келешекте де осылай бола берсе, онда...

Жекеменшiк жылыжайлар да көбейдi, олар да өнiмiн сату үшiн селитраны аямай қосады. Оны бақылаған ешкiм жоқ. Қаншама адам уланып, дүниемен қоштасуда. Оның себебiн ешкiм тексерген емес. Адамға таза ауа, таза су және таза табиғи тағам керек. Аурудың бәрi осыған байланысты. Қазiргi күнi құсқа, қойға, сиыр­ға, жылқыға семiру үшiн түрлi дәрiлер берiледi, одан хал­қымыз уланып жатыр. Науқастар саны үдеп барады.
Ертеректегi сияқты қауын-қарбыз егiп, таза өнiм алуды қолға алуымыз керек. Бұрын аталарымыз “балам қауын-қарбыз же, ағзаңды тазалайды, әрi сусын, әрi тағам” деп айтып отыратын.
Табиғи таза өнiмдi пайдаланбасақ, ауру геометриялық прогрессиямен өсiп, зор зардап шегуiмiз мүмкiн. Сол үшiн таза өнiм өндiрiп, балабақшаға, мектеп пен ауруханаға,қалғанын дүкенге сатуды қамтамасыз етуi­­мiз керек.
Ағзаны тазалайтын емдiк қасие­тi мол қа­уын-қарбыз егуiмiз қа­жет. Барша тамақ өнiмi­не химиялық тыңайтқышты қолдануға мүлде тыйым салу керек. Құсты, малды таза табиғи шөппен, жеммен асырап, дәрi-дәрмек қолдануды тоқтату керек.
Әрбiр базарға, дүкендерге түсетiн өз өнiмдерiмiз, шетел өнiмдерi қатаң санитарлық тексеруден өтуi тиiс. Тазалықты сақтау үшiн әр ауданда, әр ауылда жанашыр адамдардан бақылау комиссиясын құрып, үздiксiз олардың есебiн, ескертуiн, ұсынысын тыңдап, аудандық газетте арнайы мақалалар жарияланып отыруы тиiс.
 
Әуесбек Ибраимов.
Т.Рысқұлов ауылы,
Түлкiбас ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті