1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 мамыр 2011
Дәрiгер iздеп ауданға сабыламыз

Бiздiң ауданның қазiргi медициналық жағдайы мүлде сын көтермейдi. Ауданда дәрiгерлердiң жетiспейтiнi екiбастан. Текес, Тегiстiк, Қақпақ, Көксай ауылдары бiздiң Қайнардан шалғай. Осы төрт елдiмекеннiң тұрғындары бiздiң ауылдың тiс дәрiгерi Болат Әшiмовке қаралады. Ешбiр ауылда терапевт дәрiгер жоқ бол­ғандықтан, аудан орталығына сабыламыз. Сонда тәуелсiздiк алған 20 жылдың iшiнде оқу бiтiрген дәрiгерлер қайда жүр? Егер әкiмқаралар халыққа титтей болса да көңiл бөлсе, ең алдымен әр ауылға жетiспейтiн дәрiгерлердi жiберер едi.

Кешегi Кеңес Одағы кезiндегi медицинаның жеткен жетiстiгiне бiз ешқашан жете алмаймыз ба деп қорқамын. 1973 жылдың ақпанында жұмыс үстiнде ауыр жарақаттанғанымда, Алматыдан АН-2 ұшағымен менi қалаға алып келiп, жанымды аман алып қалған. Сол кездi ойласам, әлi күнге дейiн жылағым келедi.
Тоқтасын Әбдiқалұлы.
Қайнар ауылы,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті