1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15599) 13 мамыр, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 мамыр 2011
Қазақстан футболының болашағы алда

Қазiр әлемнiң ең үздiк спорт түрi – футбол десем, қате айтқаным емес. Кейбiреулердiң түсiнiгiнше, бұл ойын тек допты ары-берi қуумен шектеледi. Бұл – бұрыс түсiнiк. Футбол ойыншыдан жылдамдықты, ұтқырлықты, тапқырлықты, мергендiктi талап етедi. Сонымен қатар ала доптың қыр-сырын меңгеру, ойыншылардың алаңдағы өзара түсiнiстiгi де маңызды. Ал бiздiң елде бұл ойын қашан үздiк дәрежеге жетер екен?!

Қарап отырсам, елiмiздегi барлық әзiл-сықақ театрлары мен көңiлдi тапқыштар клубының басты әзiлi – Қазақстан футбол құрама командасы. Ал шындығына келсек, бұл мүлде күлетiн нәрсе емес қой.
Қазақстан ұлттық құрама командасына шетелдiк бапкер­лердi шақырады, бiрақ нәтижеге қол жеткiзгенiмiз қайсы? Ме­нiңше, Қазақстан футбол құрамасын голландық бапкер Арно Пайперс жаттықтырған кезде бiршама алға басқандай болып едi. Оған дейiн ФИФА рейтин­гiсiнде 148-орында болсақ, Пайперстiң кезiнде 116-орынға көтерiлдiк. Әрi сол голландық маман ұлттық құрама тiзгiнiн ұстағанда Сербия командасын ұтқанымыз есiмде. Ал содан кейiн ұлттық құрамаға немiс маманы Бернд Шторк келдi. Шынын айтқанда, Б.Шторк­тiң кезiнде бiр iрi жеңiс болған жоқ. Ол ұлттық құрамаға тек жас ойыншыларды ғана шақырды. Сол жылдары ұлттық құрама сапынан Самат Смақов, Мұрат Тiлешов, Нұрбол Жұмас­қа­лиевтi мүлде көрмедiк. Есе­сiне, Қазақстан командасын өзге ұлт өкiлдерiмен толтырды. Шторктен кейiн құрама тiзгiнi чех маманы Мирослав Беранекке тидi. Жуырда ғана Еуропа лигасына iрiктеу ойынында Қазақстан құрама командасы Германия құрамасымен кез­дестi. Чех маманы ұлттық құраманы қазақыландырыпты. Құ­рама сапында Жамбыл Көкеев, Қайрат Нұр­дәу­летов, Мақсат Байжанов, Нұрбол Жұмасқалиев, Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев сынды футболшылар өнер көрсеттi. Мұны көрiп қуанғаным рас. Бiрақ бiздiң команда 4:0 есебiмен ұтылып қалды. Ойыннан кейiнгi сұхбатта Давид Лория алдағы ойындарда үздiк нәтижеге қол жеткiзуге тырысатынын айтты. Қысқасы, ендiгi кезектi Мирослав Беранектiң шеберлiгi мен уақыттың еншiсiне қалдырайық.
Ал жанкүйерлерге келетiн болсақ, команданы шын қолдайтындар өте көп. Алайда бiздiң команда десе, “қойшы, одан да әлемнiң атышулы командаларының ойынын тамашалаған артық” дейтiндер де баршылық. Апыр-ау, ойын да бiр, ереже де бiр емес пе, тек техника мен тактика, намыс пен жiгер, ала допты игерiп, мер­ген­дiк, жылдамдық сияқты қасиеттердi ұстану керек. Ал осылар бiздiң ойыншыларда жоқ емес, бар. Байқасаңыздар, Қазақстан құрамасы небiр мықтылармен бiрiншi таймда керемет ойнайды. Тiптi қарсыластарының қақпасына қауiп төндiрген кездерi де болды. Ал екiншi таймда неге екенi түсiнiксiз, осалдық танытады. Құрметтi Қазақстан футболшылары, ұлт­тық құраманы әлемнiң төрiне шығаратын кез жеттi емес пе?!
Футбол көрермендерi, Қа­зақстан құрамасын қашанғы төмендете, кемсiте беремiз? Өз командамызды бiз қолдамағанда, кiм қолдамақ? Мен бiлсем, бiздiң құраманың болашағы алда, тек зор сенiм керек.
 
 
Айнұр Базарқұл.
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептiң 11-сынып оқушысы.
Құлан ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті