1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15595) 28 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 сәуір 2011
Ұлттық құндылықтарымызды оқытып-үйрететiн бiлiм ордалары мол болса екен

Қола дәуiрi кезiнде-ақ Орталық Қазақстанда малшылар мен шаруалардан басқа қолөнершiлер болғанын көне тас дәуiрiн зерттеген ғалымдар дәлелдеп жүр. Сол кезең­дегi тұрғындар алтын мен күмiстi өңдеп, темiр мен қорғасынды балқытып, қола құйған. Мәселен, “Бесоба” – Қазақстандағы сақ дәуiрiнен сақталған тарихи ескерткiш. Бұл ескерткiш­тiң қыпшақ дәуiрiнде тұрғызылған күмбездердiң бiр тобы екенiн кезiнде Әлкей Марғұлан басқарған геологиялық зерттеулер де нақтылайды. Негiзi обалардан мү­сiн­дер, түрлi заттар, бағалы зергерлiк бұйымдар табылған. Бұл олжалар ата-бабаларымыздың озық мәдениетi мен өнерi болғаны жайлы құнды мағлұматтар бердi.

Жаңа ғасыр табалдырығындағы жас мемле­кетiмiздiң алдында жас ұрпақты бiлiмдi, саналы, инабатты, ибалы, салиқалы азамат етiп тәрбиелеуде ұстаздар қауымының атқаратын еңбегi шексiз. Сондықтан елiмiзде ұлттық құндылықтарымыздан тәлiм-тәрбие беретiн бiлiм ордалары мол болса екен.  
 
Ғ.БӘТҚҰЛДАҰЛЫ,
Бесоба ауылы,
Қарқаралы ауданы,

Қарағанды облысы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті