1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15595) 28 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 сәуір 2011
Тәрбиелiк мәнi бар бағдарламалар қажет

Ауылдың тұрғынымын. Бас­қа арналар үнемi үзiлiп кететiндiктен “Қазақстан” ұлттық телеарнасын ғана көремiз. 

Айтпағым, осы телеарна халықтық өнердi насихаттауды кемiтпесе екен. Кезiнде “Алтыбақан”, “Дала дидары”, “Думан дала”, “Қымызхана” сияқты телебағдарламар бар едi. Бүгiнде “Ән – айтыс”, “Күй – тартыс” “Сегiз қырлы” сынды бағдарламалар берiлуде. Түсiнбейтiнiм, осы бағдарламаларды неге жыл сайын өзгерте бередi? Оның үстiне, бүгiнде қаптаған жарнамадан мезi болдық. Түкке тұрмайтын “Екi жұлдыздың” кiмге қажетi бар?
Сондай-ақ, “Сен сұлуды” ауылда ешкiм көрмейдi. Одан да жастарды қызықтыратын, мәселен, “Қыз қуу” сияқты тәрбиелiк мәнi бар бағдарлама болса ғой. Айтпақшы, “Ән – айтыс”, “Күй – тартыс”, “Сегiз қырлы” сынды бағдарламалардың дискiсi сатыла ма? Сатылса, қай жерде сатылады?
Гүлнәр САДУАҚАСОВА,
Маңырақ ауылы,
Тарбағатай ауданы,
 Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті