1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15595) 28 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 сәуір 2011
Жалған жала екенiне сенiмдiмiн

ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың назарына!

Қай кезде де iстiң ақ-қарасын заңға сәйкес ажырататын сот емес пе? Бiрақ сол соттың өзi заңды бұрмалап, әдiлет­сiздiк жасап жатса, одан ас­қан өкiнiш жоқ екен.
Тобықтай сөздiң түйiнi, балам Жасұлан Балым Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Iшкi iстер бөлiмiнiң тергеу бөлiмшесiнiң бастығы болып қызмет iстейтiн. Күтпеген жерден 09.01.2010 жылы ҚР ҚК-нiң 311-бабы, 2-бөлiгiмен Қызылорда облыстық IIД-нiң өзiндiк қауiпсiздiк басқармасының тергеушiсi Ғалымжан Әбдiреев оның үстiнен қылмыстық iс қозғады. Пара алу кезiнде қолма-қол ұсталды деп асыра айып тағылып, қамауға алынды.  ҚР ҚК-нiң 311-бабы, 2-бөлi­мiнiң құрамы болмағандықтан, айыптау мақсатында ҚР ҚК-нiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң “г” тармағымен қайта iс қозғап, негiз­сiз әрi заңсыз сараланып қылмыстық iс сотқа жолданды. Бұл әре­кет адамның құқын, бос­тандығын қорғау ма, әлде аяқ­қа таптау ма? Әуелде сот талқылауында аудан прокурорының орынбасары мемлекет­тiк айыптаушы ретiнде қатысқан М.Бекпанов барлық заңсыздықтарды көре тұра алдын ала тергеудiң заңсыз жинаған құжаттарына мән бермей           7 жыл жаза тағайындауды сұрады. Сөйтiп, Қазалы ауданының судьясы Н.Аманбаева да заңсыз жиналған құжаттар­ға мән бермей ҚР ҚК-нiң      177-бабы, 3-бөлiгiнiң “г” тармағымен 5 жылға жаза таға­йын­да­ды. Аппеляциялық сотта судья З.Нұр­сейi­тов те үкiмдi күшiнде қалдырды. Жоғарғы сотқа да өтi­нiш жазылды. Қадағалау тәртi­бiмен iс 2 рет қаралып, үкiм өзгерiссiз қалды.
Балам әдiлетсiздiктiң құр­баны болды. Аяқ астынан заңсыз тағылған кiнә мен жабыл­ған жаладан iстi болуы мен үшiн де, отбасым үшiн де үлкен соққы болды. Бүгiнгi күнi балам айыпсыз болса да, Семейде сот­талғандардың қатарында жалпы режиммен жазасын өтеу­де.
Құрметтi Асхат Қайзолла­ұлы! Сiзден бұл қылмыстық iстi қайта қаратып, әрбiр құжаттың заңдылығын тексертiп, Жоғарғы соттың қылмыстық iстер алқасының қаулыларының заңдылығын қылмыстық iстi аудандық соттан алдырту арқылы тексертiп, сот актiлерi­нiң күшiн жою туралы Жоғарғы соттың қадағалау тәртiбiмен қарауды сұраймын.
Марал БАЛЫМ,
Әйтеке би кентi,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы.      
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті