1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 сәуір 2011
Ең болмаса, адам құрлы сөйлессе екен

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БАҒБАН ТАИМБЕТОВТIҢ ҚАПЕРIНЕ!

2002 жылдың желтоқсан айынан берi мемлекет қамқорлығындамын. Яғни Жамбыл облыстық №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйiнiң тұрғынымын. Осы елдiң бiр азаматы ретiнде ауырсам – емделуге, өзiме рұқсат етiлген дүниенi талап етуге, мемлекет жәрдемiн пайдалануға құқым бар емес пе?! Қазiргi денсаулық жағдайым нашар. Буын ауруы, қан аздығы, қолқа демiкпесiнен зардап шегiп жүргенiмде өткен жылдың маусым айынан сүйек туберкулезiне шалдықтым. Бiрақ облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнiң дәрiгерлерi менi емдегiсi келмей, бұлталақтыққа салады. Атап айтқанда, осы аурухананың дәрiгерлерi А.Баубеков “сенде сүйек туберкулезi жоқ” деп, аты жаман басқа бiр аурудың атын айтса, С.Мырзахметов деген дәрiгер “сүйек туберкулезiмен бiрiншi мәрте ауырғанды емдеймiз, екiншi мәрте шалдыққандарды емдеуге ешқандай қаражат жоқ” дейдi. Қайсысына сенерiңдi бiлмейсiң?!
Ең сорақысы, әлгi ақ халатты жандардың сөзiне сенiп интернат үйiнiң дәрiгерi Н.Қуатова менi келеке-мазақ қылып, ешқандай көңiл бөлмейдi. Ал интернат үйiнiң директоры Б.Қаржасов “менiң емделуге құқым бар ғой” деген сөздi айтқаным үшiн “басқа интернатқа ауыстырып жiберемiн” деп қысым жасап отыр. Бұлар неғып менiң жағда­йымды түсiнбейдi? Шынымды айтсам, қазiр интернатта менi олар адам екен демейдi.
Ендi екiншi мәселемдi айтайын. 2009 жылдың 9 қаңтарында Тараз қалалық зейнетақы төлеу орталығы жасыма байланысты зейнетақы таға­йындап, ақпан айына 23 665 теңге төледi. Бiрақ, неге екенiн қайдам, келесi наурыз айынан бастап зейнетақымды төмендетiп, желтоқсанға дейiн 19 667 теңгеден ғана төлеп келдi. Амал жоқ, ЗТМО Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Н.Төртбаев­қа арызданып, 24 жыл еңбек өтiлiм бола тұра зейнетақымнан 3998 теңге не үшiн кемiтiлгенiнiң себебiн сұрадым. Бiрақ олар жөнi түзу жауап бермедi. Осыдан кейiн интернаттың заңгерi Ш.Бейсенбаева мен директор Б.Қаржасов “зейнетақыңды сұрамайсың, осы алып отырған ақшаңды қанағат тұтасың” деген шарт қойып, қорқытып тастады. Мен осы мәселенi айтып, облыстағы басшыларымызға, “Нұр Отан” партиясының облыстағы филиалына, облыстық прокуратураға арыздандым. Бiрiне хатым жетсе де селт етпедi, ендi бiрiне жазған хатым жетпей де қалды ғой деймiн.
Сөз соңында айтарым, мен осы елдiң азаматымын. Осы елде еңбек еттiм. Сондықтан Ата заңымызға сәйкес құқымды талап етемiн. Мемлекет қамқорлығын аяп отырған жоқ, сол қамқорлықты кейбiр адамдар жеке өзi жасап отырғандай менменсiнiп, адам тағдырына ойыншық ретiнде қарайтындықтары қатты қынжылтты. Ең болмаса, адам құрлы сөйлесiп, мәселенi жай сөзбен түсiндiрсе екен...
 
Аман ТОҚТАНАЗАРОВ,
№2 интернат үйiнiң тұрғыны,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті