1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 сәуір 2011
Оралмандар отбасына бұл пәтерлер уақытша тұруға ғана берiлген

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы “Жас Алаш” республикалық газетiнiң 24.02.­2011 жылғы №15 санында жарияланған Зайсан ауданының тұрғыны Қайса Мұхиттың “Аудан әкiмi осылай қарсы алса, өзгелер не iстемейдi бiзге?” атты мақаланы жан-жақты тексерiп, төмендегiдей мән-жайларды анықтады:

“Зайсан қалалық әкiмi” ММ талап-арызбен сотқа жүгiнген. Талаптарында Зайсан қаласы Шевченко ықшамауданынан мемлекеттiк мекемелер мен бюджеттiк мекеме қызмет­керлерiне арнап 15 ипотекалық тұрғын үй салынғанын, үйлердiң бағасы қымбат болуы себептi үй алушылардың жалақылары ипотекалық несиеге жеткiлiксiз болып, үйлердi алатын бю­д­жет­тiк мекеме қызметкерлерi табылмағандықтан, бос тұрған үйлердi сақтап қалу мақсатында 15 үйге уақытша деп үйге зәру адамдарды кезекке тұрғызып қойғандарын, оның iшiнде ҚХР-дан көшiп келген ҚР азаматтығын алған Қ.Бекендi, Е.Жанұзақты, Қ.Мұхитты, Т.Түсiп­ханды, М.Толқынды отбасыларымен кiргiзгендерiн көрсеткен. Соттан Қабдырасыл Бекендi, Екпiн Жанұзақты, Қайса Мұхитты, Түсiпбек Түсiпханды, Махымет Толқынды отбасыларымен үйден шығаруды сұраған.
Аталған талап-арызбен келiс­пеген Қ.Бекен, Е.Жанұзақ, Қ.Мұхит, Т.Түсiпхан, М.Толқын сотта қарсы талап-арыз ұсынып, онда өздерiнiң 2008 жылы Зайсан қаласындағы Марғұлан көшесiндегi үйлерге өздерiн қала әкiмi Б.Түстiкбаев шақырып, оралман 5 отбасына квота ала алмағандықтан әкiмшiлiк тарапынан үй берiлетiндiгiн айт­қан. 16 желтоқсан күнi аудан әкiмi Ә.Мұқтарханов салтанатты түрде үйдiң кiлтiн табыстағанын, уақытша берiлген үй екенiн ешкiм ескертпегенiн, сол себептi талап-арызды қанағаттандырмауды сұраған.
Зайсан аудандық сотының 20.05.2010 жылғы шешiмiмен талап-арыз қанағаттандырылып, Қ.Бекен, Е.Жанұзақ, Қ.Мұ­хит, Т.Түсiпхан, М.Толқын бiрге тұратын отбасыларымен тұрып жатқан үйлерiнен басқа үй берiлместен шығарылып, әр­қай­сысынан 707 теңге баж алымы өндiрiлген.
Аталған шешiм жауап­керлердiң апелляциялық шағымы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы қарап, 20.07.2010 жылы апелляциялық сотының қаулысымен өзгертiп, “Зайсан қала әкiмi аппараты” ММ-нiң талап-арызы жартылай қанағаттандырылды. Қ.Бекен, Е.Жанұзақ, Қ.Мұхит, Т.Түсiпхан, М.Толқын отбасыларымен тұрып жатқан үйле­рiнен басқа үй беру арқылы шығарылған.
Iс материалдарын зерделеу кезiнде анықталғандай, Зайсан қаласы Марғұлан көшесiнде республикалық бюджеттен бөлiнген 68 миллион теңгеге 15 үй салынған. Бюджет қаржысына салынғандықтан “Зайсан қаласы әкiмi аппараты” ММ-нiң есебiне 2010 жылдың 17 наурызында тiркелген. Ал 20.12.2008 жылы қаржы бөлiмiнiң №45 бұйрығымен 15 ипотекалық үй Зайсан қаласы әкiмi аппаратының теңгерiмiне жедел басқару құқығымен берiлген. Негiзгi мақсаты мемлекеттiк мекеме және бюджеттiк мекеме қыз­меткерлерi ипотекалық несие алу арқылы осы бюджет қаржысын қайтару болғандықтан, үй бағасының қымбат болуы себептi алушылар табылмағандықтан, қыс айларында үйдiң батареялары қатып қалмауы үшiн үй-жағдайы жоқ оралмандар отбасына уақытша тұруға берiлген.
ҚР АК-нiң 188-бабы 2-тармағына сәйкес, меншiк иесi өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк етуге құқылы және осы баптың 3-тармағына сәйкес меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға құқы­лы. Сондай-ақ, соттың жауап­­керлердiң үйдi меншiкке алдық деген уәждерiн назарға алмауы негiздi. Себебi, жауапкерлермен меншiк иесi ретiнде атал­ған даулы үйлерге қатысты қандайда бiр құқықтарын жүзеге асыруға әрекет жасалынбаған, атал­ған үйлер берiлгеннен бастап, электр жарығы және т.б. төлемдер бюджет есебiнен төленiп отырған. Сондықтан соттардың жауапкерлердi үй­ден шығару туралы шешiмi заңды. Себебi, ҚР АК-нiң 601-бабы бойынша, тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалмағанына қарамастан, тараптардың арасындағы қарым-қатынас жауапкерлерге даулы үйлердiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға берiлгенiн көр­сетедi.
Апелляциялық саты бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн өзгертiп, жауапкерлерге басқа үй бере отырып, оларды мем­лекеттiк тұрғын үйден шығару туралы заңды шешiм қабылдаған. Себебi, ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 104-бабына сәйкес, азаматтар мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа үй берiлiп шығарылады. Үйден шығару туралы талап-арыз берушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi деп көрсетiлген.
Аталған iс бойынша сотта прокурордың қатысуы қамтамасыз етiлiп, тиiстi қорытынды берiлген. Осы негiзде аталған сот шешiмдерi заңды, прокурорлық шара қолдануға негiз жоқ. Сонымен қатар, қазiргi таңда аталған үйлерде жоғарыда аталған азаматтардың барлығы тұрып жатыр, 09.03.2011 жылы “Зайсан қала әкiмi аппараты” ММ-мен 5 келiсiмшартқа отырған, ешкiм оларды үйден шығармаған.
 
М.Исадилов,Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары,аға әдiлет кеңесшiсi.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті