1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15589) 7 сәуір, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 сәуір 2011
Адасқан қазақтар көбейгеннiң үстiне көбейе бермек

Соңғы он, он бес жылда қазақ жастары намаз оқып, имандылыққа бас ұра бастады. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. “Жүре берсең, көре бересiң” демекшi, бiр ай ораза ұстап, пiтiр бермейтiндердi көрдiк. Және бiр көңiлiмнiң толмайтыны – қажылықтың бизнеске айналып кеткенi. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Аталарымыздан “Ән айтқанның бәрi әншi емес, Меккеге барғанның бәрi қажы емес” деген мақал бекерге қалмапты. Айтпақшы, тағы бiр жан түршiктiрерi – намаз оқығандарын, ораза ұстағандарын мiндет етiп, көлiктерде зiркiлдеп орын сұрағандарға не дерсiз?! Түрлерiне қарасаң, 60-70 жастағы кiсiлер емес, 45 пен 50-дiң ар жақ, бер жағындағылар. Сонда олардың 20-30 жастағыларға көрсеткен өнегесi ме? Әлде олар бiреулер үшiн намаз оқып, аузын бекiте ме екен? Надандық деп осыны айт.

Мешiттер, медреселер қаптап ашылуда. Әттеген-айы, әртүрлi, әрқилы жолмен оқытуда. Тiптi бiр-бiрiне қарама-қайшы оқытатындары да бар. Неге бiр жүйеге, бiр жолға түсiп оқытпайды? Түрiктер ашқан медресе түрiк­ше, ал арабтар өз елiндегi дiн жолын оқытады. Әркiмдiкi әртүрлi. Бiз – түрiк те емеспiз, араб та емеспiз. Қазақтарда да дiн жақсы жолға қойылған деп бiлемiн. Соны бiрiзге салып, медреселерде оқытса болады ғой. Және исламдық кiтап­шалар да әртүрлi, әрқилы сөйлейдi. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенiн бiлiп болмайды.
Не керек, қазақтық мұсылмандықты мешiттерге, медреселерге енгiзудi ойлау керек. Әйтпесе, адасқан қазақтар көбейгеннiң үстiне көбейе бермек. 
 
Дархан ҚАЙЫҢБАЙҰЛЫ,
Бәйтерек ауылы,
Еңбекшiқазақ ауылы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті