1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15587) 31 наурыз, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
31 наурыз 2011
Құжат толтыруда қиналамыз

Әр оқу жылында мектеп бiтiрушiлерге аттестат жазу барысында кейбiр қиыншылықтар кездеседi. Мысалы, мектеп бiтiрушiнiң аты-жөнi жеке куәлiгiнде “Абилмажанов Жолдас Сергазиевич” деп жазылған. Аттестаттың қазақша және орысша толтыратын беттерi бар. Бiз орысша жағына дәл, бiр әрпiн де өзгертпей, куәлiгiндегiдей Абилмажанов Жолдас Сергазиевич деп жазып, қазақша жағына Әбiлмажанов Жолдас Серғазыұлы деп жазғанды дұрыс деп санаймыз.

Бiрақ кейбiр жоғары оқу орындары жанынан құрылған қабылдау комиссиясындағылар қазақша жағына да жеке куәлiктегiдей жазасыңдар деп құжаттарды қабылдамай, қайтаратын кез болады. Осы дұрыс па? Қазақша бетiне қазақ баласының аты-жөнiн қазақша жазып бергенiмiз үшiн бiз неге кiнәлi болуымыз керек?
Тiптi бiз бұны мектепке жоғары оқу орнын бiтiрiп келген жас мамандардың жоғары бiлiм туралы дипломдарынан да көрiп жүрмiз. Менiңше, барлық мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарау әлi де жетiмсiз болып жатыр-ау... Әй, сорлы қазақ, сордан қашан арылар екенсiң?!
 
Серғазы ӘБIЛМАЖАНОВ,
Түлкiбас ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті