1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 наурыз 2011
Қысырау қарттың кереметтерi

– Елуiншi жылдардың бас кезi болатын. Қасымда Қысырау ағам бар, екеумiз “Әби” мешiтi деген жерге баруға жолға шықтық, – деп бастады әңгiмесiн Әбдiрен ағай. – Бiздiң баратын жерiмiз, бiз тұрған жерден 6-7 шақырымдай едi. Мен жаяу жүруге шаршамағаныммен, ағайдың жүрiсi мардымсыз, аяғын сылтып басатын кiсi едi. Мезгiл сәске түс болып қалды. Күн де ыси бастады. Көлiк өте аз жүредi. Бiр мезетте машинаның даусы шықты. Қуанып кеттiм. Сәлден соң өзi де көрiндi. Бiзге тоқтайтын түрi жоқ, қасымыздан зу етiп өте бергенде, мен шыдамай: “Мына машинаны тоқтатпадыңыз ба?” – дедiм. Өйткенi ағайдың кереметi бар екенiн бiлетiн едiм. “Қайда барар дейсiң”, – дедi. Сөйткенше болған жоқ, машина кiлт тұрып қалды. Бiз келiп әлгi машинаға отырып жатырмыз. Шоферi еңгезердей толық кiсi екен. “Мына су жаңа жоқ едi ғой” – деп сұраулы жүзбен бiзге алая қарады. Ағай жайбарақат отырып алып: “Жүр, ештеңе жоқ”, – дедi. Шофердiң екi көзi ағайда. Тiлi байланып қалғандай, машинасын жайлап жүргiзе бастады. Бiз баратын жерiмiзге жеткенде түсiп қалдық.

 Ал мына оқиғаны биыл жетпiске келген Жанәбiл құрдасым айтып едi: “Бiз, – деп бастады ол әңгiмесiн, – “Қарақұм” деген жерде қыстаған болатынбыз. Онда мен 7 жаста едiм. Қасымызда 5-6 үй бар. Бұл ферма орталығы деп аталатын. Көршi үйдiң баласы және мен бiр күнi қатты ауырдық. Дәрiгер ауылға сирек келетiн. “Ауылдан 70-80 шақырымдай жерде Қысырау деген емшi, балгер бар, соған бару керек, сәтiн салса, содан оңғарылар” деген үмiтпен ауылдағылар атпен бiр адамды жұмсайды. Қысырау қарт үйiнде екен. Ол кiсi: “Сары бала аман қалады, қара баланы бiлмей­мiн...” дептi. Дұғасы қабыл болып, мен жазылып кеттiм де, көршi бала о дүниелiк болып кеттi. Айтқаны дәл келетiн Қысыраудай балгердi мен содан кейiн кездестiрген емеспiн”.
Жақсылық КӨШЕКБАЕВ,
Шоқпартоғай ауылы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті