1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 наурыз 2011
Мейрамханада

Оқырман шығармашылығынан

Үлкен мейрамханада отырмыз. Бүкiл ұжым болып.
Бiр кезде биге шықтық. Айналамызда жастар көп екен. Әнебiр ұзын бойлы қоңырқай костюм киген, шашы иығына түскен жiгiт тiптi шырқ айнала бұраң қақты. Бiр кезде қыза келiп костюмiн шешiп тастады. Қимыл-әрекетi өзiне жарасымды-ақ. Менiң билей бергiм келдi. Өнердiң бұл түрi менiң бiр кездегi арманым болатын. Студенттiк шақтарда бiраз әуестендiм де. Әлi күнге сахнада музыка сарынымен мың бұралған қыз-жiгiттердi көр­сем, жоғалтқан қымбатымды жолықтырғандай сезiмде боламын. Әлгi жiгiт бiр сәтте менi биге шақырды. Ортада екеумiз онша ұзақ билегенiмiз жоқ. Мазам кете бастады. Одан рұқсат сұрап, үстелiме кеттiм. Ыстық тамақ желiнiп, тағы бiраз тост айтылды. Қайтадан би басталды. Зауқым соқпады. Бiреу бетiме төнiп, “биге шақырсам бола ма?” дедi. Әлгi бишi. Қызметтестер әр жерден пыш-пыш етiстi. Қарсы болмадым. Бидi бiраз сiлтедiм. Тағы бiр әуендi түгесiп, сыртқа шығып кеттiм. Далада қар жапалақтап тұр. Артымнан серiкте­сiм келдi. Темекi тұтатты.
– Сiздiң билегенiңiз ұнады. Қарсы болмасаңыз, танысайық. Менiң атым – Дәурен.
– Сәния.
– Бойдақ шығарсыз?
– Сенi қазiр сол мәлiмет қызықтырып тұр ма?
Ол ыңғайсызданып қалды. Мен оның жауабын күтпей бастырмалата жөнелдiм.
– Егер қызықтырса, жоқ, тұрмыстамын.
– Ерте шыққан екенсiз.
Жолдасымның жасымды жиырмаға толтырмай, келiсi­мiмдi де алмай ұрлап кеткенiн ескерместен басқаша сөз саптадым.
– Түк те ерте емес. Екi балам бар. Ендi кеш қалсам, сүйегiм қатайып, баламды босану қиындап кетер едi.
Ол ашықтығыма қайран болды ма, үнсiз тұрып қалды. Мен жаққа жапақ-жапақ қарайды. Ал менiң назарым жауып жат­қан қарда едi. Өзi iрi-iрi, тынымсыз жапалақтайды. Ойым басқада болса да, жаңа танысымның бiрдеңе деуге оқтал­ғанын сезiп тұрмын.
– Қыздардың көбiсi күйеуге шығуға асығады. Бiрақ өзiм әзiрге үйленгiм келмейдi. Бостандығымды жоғалтып алардай безермiн. Мен үшiн құнды саналатын нәрселердi ол бағаламауы мүмкiн ғой. Мәселен, би билегенiмдi жақтырмаса... Содан кейiн әйелiммен кафеле­тiп, қыдыру – күлкiлi сияқты. Сiз өткен күндерiңiздi сағынбайсыз ба?
Осы кештен екi-үш тәулiк бұрын ғана көптеген хабарласпаған курстастарыммен кезде­сiп, жатақханада бiрде аш, бiрде тоқ күндердi сағынып, орындалмаған армандарымды жоқтап жылағанымды ойладым.
– Менiң анам, – дедi би билегiш жаңа танысым, – үнемi әкем екеуiнiң бiрге жүрген шақтарын көзiне жас алып, әңгiмелеп, суреттерiн жастығының басына сақтап жүредi.
Өзiмнiң де жастығымның астындағы беттерi аяусыз шимайланған, көнерген парақ­тарына әредiк кофе мен жас тамшылары сiңiп қалған ескi күнделiктерiмдi еске алдым.
Дәурен iшке енiп жоқ болды. Қоштаспады да. Бiртүрлi қоңылтақсып қалдым. Жабырқау тартқан көңi­лiмдi қалта телефонымның әуендеткен ащы дыбысы бөлдi. Тұтқаны кө­тердiм. Ар жақтан күй­еуiм­нiң әмiрлi даусы естiл­дi:
 – Келе жатырмын, қақпадан шығып тұр. Күтпейтiн болайын!
Мен онсыз да есiктiң алдында, аспаннан жауған ғажайып ақ ұлпаларды тамашалап тұрғам. Күттiретiн ойым мүлде жоқ едi...
Жанат ҚАПАЛБАЕВА,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті