1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21-22 (15583-84) 18 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 наурыз 2011
Қуанышты хабар жеткiзгiм келдi

17 ақпан күнi (№13, 2011 жыл)   “Жас Алашта” “Қарттарға қиын-ақ...” атты мақала жарық көрген едi. Онда Жаңаарқа стансасы арқылы аптасына 2 рет Жезқазған – Алматы пойызы өтетiнiн, бiрақ оған тек жоғары орындарға ғана билет сатылатынын, ал жоғары орындарға шығу қарттар үшiн қиямет-қайым екенiн, төменгi орын үшiн бiз Қарағанды қаласына баратынымызды және оған бiздiң уақытымыздың, қаражатымыздың кететiнiн жазған болатынбыз. Бiз секiлдi қарттар төменгi орынға жайғасқандардан қайта-қайта орын сұрауға да ұялатын едiк. Арасында жастардың бәлсiнетiндерi де кездесiп қалып жатады. Осылайша бiз Сiздерден Жаңаарқа стансасынан төменгi орындарға билет сатылуына көмек көрсетулерiңiздi сұраған едiк.

Мiне, ендi сiздерге қуанышты жайтты хабарлап отырмыз: қазiр бiздiң стансадан төменгi орындарға билет сатылатын болды.
Сартбай ТӨКЕНОВ,
С.Сейфуллин ауылы,
Жаңаарқа ауданы,
Қарағанды облысы.
 
 
ҚАҢҒЫБАСТАРДЫҢ АРАСЫНАН СУЫРЫП АЛЫП, АДАМ ЕТТI
Әлi некеге тұрмаған, бiрақ уақытша бiрге тұрып жатқан жолдасым аяғыма пышақ сұқты. Қансырап ауруханаға жеттiм. Төсекке таңылдым. Тума-туыс, бауырларыма хабарласпағалы 4 жыл болған. Iздеушiм жоқ. Дәрiгерлер Алматы қаласы бойынша белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталығына алып келдi.
Қаңғыбастардың қақ ортасына түсемiн деп кiм ойлаған? Қорлықтың көкесiн осында көрдiм. Мойындаймын, кiнә өзiмнен. Қателестiм... Iшiмдiкке салындым. Жыладым, сықтадым. Биттеп кетуге шақ қалдым... Әр күнiм азаппен өтiп жатты.
Бiрде екi тiлшi келдi. Шыны керек, алғашында бүркенiп алдым. Ұят санадым. Сонан соң көрпенiң бiр бұрышынан сығаладым... Байқап қойса керек, тiлшi қыз жаныма келiп жағдайымды сұрады. Алматыдағы әпкемнiң аты-жөнiн, мекенжайын айтып, хабар беруiн өтiндiм.
Екi күн өттi. Түн ортасы. Төсекке әлi таңылып жатырмын. Медбике келдi. Үнсiз мүгедектерге арналған арбамен сыртқа алып шықты. Құлағыма “әпкең келдi” деп сыбырлады. Әпкем... Қос қолдап қатты құшақтап, еңiреп қоя бердiм... Ендi қайтейiн, бұл күндi бақандай 2 ай, 19 күн күттiм...
Жасырмаймын, ол кезде “Жас Алаш” газетiн қолға алмайтынмын. Бiрақ бүгiнде бұл га­зеттiң әр санын асыға күтемiн. Тiптi мұңайсам, қапалансам, газетке үңiлемiн. Әсiресе, өзiм туралы жазылған “Кезбелер” (№17, 2 наурыз, 2010 жыл) мақаласын қайта-қайта оқимын. Менiң ақылға келуiме осы мақала көп септiгiн тигiздi.
Емделдiм, туған жерге, Орал­ға оралдым. Анашымның жанындамын. Жалақысы аз болса да, жұ­мыс iстеймiн. Бүгiнде әр күннiң қадiрiне жету қажеттiгiн ұқтым. Қатемдi түзеуге, қаңғы­бас­­тардың арасынан суырып алып, адам қатарына қосқан тоқсандағы “Жас Алашқа” алғысым шексiз.      
Сәлеммен, сiздердiң
САЛТАНАТТАРЫҢЫЗ,
Орал қаласы
 
 
БIЗ ЖЕҢДIК!
Айман Ахметтаеваның қырқынан ендi ғана шыққан бесiктегi баласын күйеуi мен әкiм қайынағасы зорлықпен тартып алғанын, екi жылдан берi олардың бармаған жерi, баспаған тауы қалмағанын, соттың табалдырығын тоздырып, шыр-пыр болғанын, тiптi “жынды” емес екенi сотта дәлелден­генiн “Жас Алаш” жарыққа шығарды (№64, №102, 2010 жыл). Жас ананың қайғысына ортақтасып, заңсыз жындыханаға жатқызғанын халыққа, тиiстi орындарға дер кезiнде жеткiздi. “Бас кезiнде қателiкке ұрынғандар iстi одан әрi насырға шаптырып, өздерi тудырған шатақтан қарақан бастарын арашалау үшiн тағы да жөнсiздiкке барса, бiздер, “жасалаштықтар” бейтарап қала алмаймыз”, – деп жазылған сөздердi оқығанда Айманның қалай қуанғанын, бойына күш-қуат енiп, рухтанғанын, заң қызметкер­лерiнiң бұған қолдау көр­сет­ке­нiн бiлсеңiздер ғой...
...Сабынша бұзылып, тозған бездей ыдырап тұрған iске жан бiттi. Өз iсiне немқұрайлы қараған дәрiгерлер iстi болды. Тоқтап қалған тергеу жұмыстары қолға алынды... “Жас Алаш” осылайша “Жас Алаш” екендiгiн танытты.  
Бүгiнгi мерекелiк көңiл-күйлерiңiзге бiз де ортақпыз. Мерекеге сый ретiнде мына хабарды тарту етпекпiз: Бiз жеңдiк! Сот үкiмi өз күшiнде қалды. Айман баласымен қауышатын болды. Жеңiске – Сiздердiң, “жасалаштықтардың” табанды белсендiлiгiнiң нәтижесiнде жеттiк.
Камал ҚАМБАРОВ,
Айманның сенiмдi өкiлi.
Алматы қаласы.
 
 
КҮШЕНШЕКТIК ДЕГЕНIМIЗ – ДӘРМЕНСIЗДIК
“Жас Алаштың” маған күшенбейтiнi керемет ұнайды. ЕҚЫҰ-ның саммитi кезiнде, Азиаданың тұсында өзге газеттерiмiз қалай күшендi десеңiзшi?! Болмашы, жай, қатардағы нәрсенi көкке көтерiп, көбiк сөздi көпiршiтiп, жарқылдақ теңеулердi тiзбектеп, ой, бiр күшенiп-тышанды-ау...
Күшеншектiк дегенiмiз – дәрменсiз­дiк қой.
Ал “Жас Алаш” болса, осының бәрiн сабырмен жазды. Өзге басылымдар “36 алтын! 18 күмiс!” деп қиқулап жатқанда, Азиадаға қатысқан Қазақстан спортшыларының (180-ге жуық спортшылардың) 3-4-еуi ғана қазақ екенiн айтты. Жалпы, менiң өз басыма “Жас Алаштың” күшен­шектiкке жоламайтыны, қандай мәселенi болса да байыппен жазатыны ұнайды.
Тоқсан жылдық мерейтойың құтты болсын, “Жас Алаш”! Осы бетiңнен тайма!
Серiк ШОТБАСОВ,
Қарағанды қаласы.
 
Айтар алғысымыз мол
Бiз бес жыл бойы өз құқығымызды қорғап бақтық. Алаяқтардың айласына тап болған көпбалалы аналардың ашпаған есiгi қалмады. Алтыншы жыл дегенде әдiлет орнады. Осы алты жыл iшiнде көп уақытымыз қағаз жинаумен өттi. Құқығымызды қорғау, оны дәлелдеу, сыбайлас жемқорлықпен күресу қиынның-қиыны екен. Бiз сонда да алған бетiмiзден қайтпадық. Үмiтiмiздi үзбедiк, күрестiк.
Басымызға iс түскенде ақпарат құралдарынан көмек сұрадық. “Жас Алаш” жайымызды түсiнiп, араша түстi, медеу болды. Қолдау көрсеттi. Осы қолдаудың арқасында сотта жеңiп шықтық. Әдiлдiк үшiн күрескен “Жас Алаш” редакциясына айтар алғысымыз мол.
Көпбалалы аналардың атынан,
Улниза УӘЛИЕВА,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті