1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 наурыз 2011
Өз еркiммен жұмыстан босатпауыңызды сұраймын

Бұл оқиға “Жас Алаш” газетiне әзiл-сықақтары жиi жарық көрiп тұратын, түлкiбастық белгiлi сатирик Алпысбай Боранбаевтың басынан өткен.

Ауданды басқарған Дархан Мыңбай оны аудандық газеттiң бас редакторлығына шақырады. Алпысбай аға бұған келiсiмiн берiп, сонда бiраз уақыт қызмет етедi.
Күндердiң күнiнде ауданға жаңа әкiм келедi. Қашаннан қалыптас­қан, жазылмаған заңдылық бойынша оны әкiм аппаратын басқаруға жаңадан келген жiгiт шақырып алып, “әзiрге өз еркiңiзбен жұмыстан босату жөнiнде алдын ала арыз жазыңыз, кейiн қайта бекiтемiз” дейдi. Бұл сол аудандағы барлық басшыларға қойылған талап көрiнедi. Алпысбай аға мұның артында бiр гәптiң барын сезсе керек, ол да қитұрқылыққа салып, арызға “өз еркiммен босатпауыңызды сұраймын” деп жазып бередi. Оны ешкiм байқай қоймаған.
Бiрақ Алпысбай аға өзiнiң қулығын әкiмшiлiктегiлерге өзi айтып қойыпты. “Ойбай, көке, құрттыңыз ғой” деп әкiмшiлiк қызметкерлерi бiр сәтте у-шу болады да қалады. Содан кейiн олар араға адам салып, арызды қайта жазып беруiн өтiнiп қоймайды.
– Алғаш бармай жүргенмiн. Кейiн арызды қайта жазып бердiм. Менi жұмысымнан осы қайта жазып берген арыздың негiзiнде босатты, – дейдi қарқ-қарқ күлген Алпысбай аға.
Айдар ЖАНДОС,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті