1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 наурыз 2011
Аймақтарда аула клубтары жұмыс iстей бастады

Ата-ана баласын бек сенiп тапсырған мектептегi тәлiм-тәрбие жұмысының да қазiргi күнi төрт құбыласы тең емес. Оқушылар бұрынғыдай қоғамдық жұмыстарға тартылмайды. Үйiрменiң көпшiлiгi ақылы. Ақысыз үйiрмелер бүгiнгi балалардың көңiлiнен шықпайды десек, ақылы үйiрмелерге ақшасын төлеп, баласын қосымша бiлiммен қамтамасыз етуге кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейдi. Кiтапқа құмар балалар да көп емес. Күнi бойы бос жүрген бала әр нәрсеге елiктегiш келедi. Сондықтан болар, жасөспiрiмдер арасында қылмыстың жиi кездесетiнi. Есiрткiге, арақ-шарапқа, шылымға құмарларының да саны күн санап артып барады. Осындай сәтте ұмытылып барып қайта қолға алынып, сирек те болса өз жұмысының жемiсiн берiп жүрген аула клубтары елiмiздiң әр ауылында, қалаларда, облыс орталықтарында толассыз ашылып, баланың тәрбиесiне ықпалын тигiзсе, зор қуаныш емес пе?

Аула клубтарын ашу және оның жұмысын ұйымдастыру тек қана бала үшiн емес, алдымен қоғам үшiн де маңызды. Аула клубтары – қазiргi уақытта да балалардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруда бiрден-бiр тәрбие көзi. Осы аулалық клубтар балалардың бейiмдiлiктерiн аша түсiп, жан-жақты дамуға, ой-пiкiрiн қалыптастыруға, ұштауға мүмкiндiк бередi, тәрбиелейдi. Аула клубтарында әртүрлi үйiрмелер мен секциялар жұмыс iстейдi: дойбы, шахмат, үстел үстi теннистерi, бокс, күрес, гимнастика, домбыра ойнауды үйрету, би, футбол және т.б. Бұл клубтар жалпы бiлiм беру мектептерiмен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мiне, сөйтiп балалар арасындағы тәртiп бұзушылық пен қылмыстық iстердiң қатары да азая түседi. Аула клубының көмегiмен бала өз бетiнше ересектерге жалтақтамай шешiм қабылдауға, өз ойын еркiн жеткiзуге, ұжымшылдыққа, iзденiмпаздыққа үйренедi.
Қазiргi кезде республикада 80 мыңнан астам балалар мен жасөспiрiмдер қамтылған 584 аула клубы (бос уақыт орталығы) бар. Олар әрбiр аймақта құрылып, жүйелi жұмыс iстеп жатыр. Әрине, аула клубтарының арнайы ғимараттарының жоқтығы, техникалық-материалдық қамтамасыз етудiң әлсiздiгi, мамандардың жеткiлiксiздiгi сияқты қолайсыз жағдайлар кездеседi. Десек те, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмiн алғалы берi аймақтарымызда аула клубтарының қатары күн санап артып келедi.
 
Ләйла Раймова,
Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығының әлеуметтiк-педагогикалық секторының жетекшiсi,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті