1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 наурыз 2011
Байы да құрысын, өзi де құрысын...

Ұлы Отан соғысынан кейiнгi жылдар екен. Соғыстан жараланып елге оралған ауылдағы Тойжан деген көкемiз “Қыз көрiп, құда түсiп, сәтiн салса бiржолата алып келемiз” деп әкемдi ертiп жолға шығыпты. Сөйтiп, екеуi менiң болашақ нағашымның үйiне ат басын бұрыпты. Шамасы, нағашымды жақсы танитын болуы керек. Тойжан көкем нағашыммен келiсiп, қалыңмалын төлеп, ертеңiне менiң шешемдi келiн етiп ауылдан аттанып кетедi. Сол кезде нағашы апамыз Жолтай үйiнде жоқ, төркiндеп кеткен екен. Бiрнеше күннен кейiн келсе, үйiнде қызы жоқ.

– Қызым қайда? – деп сұрапты күйеуiнен.
– Күйеуге берiп жiбердiм!
Негiзi Жолтай апамыз адуынды, тiке қарап, тiке айтатын өте батыл әйел болатын. Күйеуiнiң тiрлiгiне қатты ашуланып, сол ашумен “жасы кәмелетке толмаған қызды күйеуге берiп жiбердi” деп милицияға арыз жазып жiбередi. Ол бiр жылдар ескiнiң сарқыншағы, феодализмнiң қалдығы деген науқанның жалындап тұрған кезi. Милиция атамды сол күнi қамап қойыпты. Күз кезi. Шабылған шөптердi жинау керек, тары да орылмаған, жұмыс бастан асады. Ал атам қамаулы жатыр. Еркегi жоқ үйдiң тiрлiгi белгiлi ғой. Анаусын бiр шалып, мынаусын бiр шалып ешқайсысына үлгере алмаған Жолтай ақыры милицияға өзi барыпты. Келсе, жиналыс болып жатыр екен. Кезекшiлердi тыңдамай, кеудесiнен итерiп, айқайлап iшке кiрiп келiптi де, төрде отырған бастыққа қарап: “Менiң күйеуiмдi шығар, алып кетемiн”, – дептi. Милиция бастығы жанындағыларға:
– Бұл кiсi кiм өзi? – дейдi
– Жолтай! Өткенде күйеуiн қаматып қойған осы кiсi.
Бастық стол тартпасынан папкiсiн ашып қарап отырып:
– Сiздiң күйеуiңiз он бес күнге сотталған, әлi бес-алты күнi бар екен, әзiрге шығара алмаймын, – деген ғой.
– Әй, бастық! – дептi сонда Жолтай апамыз жұлып алғандай. – Мен күйеуiмдi түнге қарай пайдаланатын едiм, ол түсiнiктi. Босатуға неге қимай тұрсың, әлде түнге қарай сен де оны пайдаланып жатырсың ба?
Бастықтың қасында отырғандар ду етiп күлiп жiбередi.
– Ой, мынау қандай қатын өзi? Шығарып берiңдер, байы да, өзi де құрысын, – деп милиция бастығы қызарғаннан папкiсiн лақтырып жiберiптi сонда.
Базарбек ТҮКIБАЙ,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті