1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17-18 (15579-80) 4 наурыз, жұма 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 наурыз 2011
Мiнез

Жол үстiндемiн. Автобустың салонында бос орын жоқ. Көзiм алдыңғы орындықта отырған екеуге түстi. Оның бiрi мосқалдау әйел, екiншiсi, жастауы мосқал әйелдiң қызы болса керек. Түр-түсi, тiптi бетiнiң ұшындағы меңiне дейiн ұқсап тұр.

Қызы жадырап, жайраңдап отыр. Ал мосқал әйел көңiлсiз. Өз ойымен өзi әлек.
Кенет мосқал әйел маған бұрылып: “Балам, таңдайым кеуiп кеттi. Суың бар ма? Асығып жүрiп сусын алуды да естен шығарыппыз”, – дедi. Мен суы бар құтыны ұсындым. Бiр сәттiк үнсiздiктен соң, ол маған қайта бұрылып: “Қазiргi жастар сөз қадiрiн түсiнуден қалып барады. Ә десең, мә дейдi. Күйеуiнен ажырасып келе жатқаны мынау. “Пәленшенiң қызы екi баласымен қайтып келiптi” деген қайбiр жақсы сөз дейсiң. Аналық ақылымды айтсам, бұл сорлы еркектермен құқымыз тең дей ме, гендерлiк саясат дей ме, сен де жесiр болып менi бақтың дей ме, әйтеуiр, миымды ашытып жiбердi. Мен жесiр болсам, оған соғыс кiнәлi. Бұрын­ғының қатын-қалашы күйеуiн пiрiм дейтiн. Бiздi солай үйреткен. Қазiргi үкiмет қатын-қалашты бұзып бiттi әбден. Ерiн сыйламаған қатынның оңғанын көргенiм жоқ”, – дедi.
Мұндайда аузыңа сөз қайдан түссiн?! Үнсiз отыра бердiм. Кенет қызы шешесiне: “Апа, баяғы заманыңды айтпа. Қайдағыны тергiлегенi несi... Үйiндi көпсiнсең, екi баламмен пәтер жалдаймын”, – деп шаңқ ете қалды. Сөзi қамшымен осқандай едi. “Анаң өзi жүрген жесiрлiк жолмен сенiң де жүргенiңдi қаламай отыр. Сен соны түсiн!” дегенiм сол едi, “Iсiме араласпаңыз. Күйеуiме екi баласына алимент төлеттiремiн. Өзiм жұмыс­қа тұрам” дедi. Бұл сөзге мен тосылып, қипақтап қалдым. Үндемей, әркiм өз ойымен өзi болып, терезеге қарап кеттiк.
Межелi жерге жеткен соң түсiп қалдым. Кейiн екеуiн де қайтып көргенiм жоқ. Әлгi өрекпiген жас ана сол мiнезiмен бақытты болды ма екен, әлде соры қайнап сорлап жүр ме екен деп ойлап қоям кей-кейде...
 
Төлеш ТӨРЕБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті