1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15575) 17 ақпан, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 ақпан 2011
Жер-ананы ренжiтiп алғандаймыз...

Адамзат атаулыға Табиғат-ана қатты ренжiген секiлдi. Ашкөздiгiне, тойымсыздығына, зорлық-зомбылығына және т.т. Мен кейiнгi он, он бес, жиырма жылда табиғат апаттары көбе­йiп, адам баласының жүздеп, тiптi мыңдап топыраққа топырлап көмiлуiне қарап айтып отырмын мұны. Адамы ең көп Қытай елiнде және бертiнде Индо­незия­да су, лай тасқындарымен қатар жер сiлкiнiстерi жиiлеп, жанартаулар атқылауда. Бұл да Жер-ананың өкпе-ренiшiнен. Үндiстан, Пәкiстан, Иран елде­рiнде де жер сiлкiнiстерiнен, яғни   Жер-ананың қаһарынан мыңдаған адам қырылуда. Австралия, Тайланд, Вьетнам, Малайзия, Филиппин, Германия, Франция, Испания, Британия, Оң­түстiк Африка Республикасы, Намибия, Мозамбик, Ангола, Бразилия, Аргентина, Чили мем­лекеттерiнде жаңбырдың кесi­рiнен лай, сел болып, өзен-көл­дер өз арналарынан асып жатыр. Жаңбыр деген Алланың нұры емес, Жер-ананың көз жасындай болып, адаса бастаған пенделерiне “сазайларыңды тарт” дегендей ме, қалай өзi?! Әлем елдерiн билегiсi келген АҚШ-та да жыл сайын орман өрттерi жиiледi. Тап бiр Жер-ана: “Көп мемлекеттерде тектен-текке қан төгiп едiң, ал ендi өрттен өз елiң де зардап шексiн...”, – дейтiндей. Осы АҚШ елi жазда өрттен опық жесе, қыста жауған қардың қалыңдығынан, тұман мен сақылдаған аяз кесiрiнен көп адамдар түнекте қалғандай. Бұл да Жер-ананың қадiрiн бiлмей, құнын бағалай алмай, қасиетiн кетiрген соң, ол да: “Менiң бейберекет, бостан-босқа мазамды алғандарың үшiн” деп түрлi апаттар тудырып, кегiн қайтарып, өшiн алайын деуi мүмкiн ғой деген ой келедi кейде маған.

Адамға адамның билiгi, әмiрi жүретiн шығар, бiрақ, адамзат – Жер-анаға тәуелдi. Қанша күштi болса да, қанша мықты болса да адамзаттың балалары Жер-ана алдында дәрменсiз. Жер-ана адамдарды “қойын-қоншымдағы қаншама мың қазына байлықты қанағатсыз, көзтоймаушылықпен жұмсап, күлге айналдырып, жануарларды қырғандарың үшiн осылай iндет жiберейiн” деп, құс тұмауын, доңыз тұмауын жiберiп әуреге салды. Осынысымен Табиғат-Ана “аңдар мен құстарды жойғандарың үшiн жазылмайтын дертпен мен өздерiңдi де қинап көрейiн” дегендей.
Батыстың, Батыс дүниесiнiң арсыз, ұятсыз, имансыз ән мен кино және т.б. бағдарламалары көгiлдiр экраннан көбейгенi де Табиғат-ананы ренжiткен шығар. Сондықтан болар, сан алуан апаттардың кесiрiнен халық зар қақсауда.
Батыс қана емес, қазiр Шығыс та жетiсiп тұрған жоқ. Арсыз, ұятсыз iстердi көбейтiп, сайтани соқпаққа бет бұра бастады. “Бiрдiң кесiрi мыңға” деген­дей, жоғарыда отырғандардың ақылсыздығы миллионнан астам адамдарға кесiр боп тиiп, кесел боп жабысуда. Мен: “Алла тағала, Табиғат-ана кешiр, берекеңдi кетiрген, қанағатты ұмытқан, рақымнан ажырап, мейiрбандық пен жанашырлықтан жұрдай болып бара жатқан пенделерiңдi... Келешектегi сәбилер, күнәдан таза балалар, ұрпақтар үшiн кешiр”, – деймiн осындай кезде iштей күбiрлеп.
Дархан ҚАЙЫҢБАЙҰЛЫ,
Бәйтерек ауылы,
Еңбекшiқазақ ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті