1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15575) 17 ақпан, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 ақпан 2011
Қайтыс болған адамға ту жабу қайдан шықты?

Елдiң туы – қасиеттi. Оған қашанда биiк тұғыр жарасқан. Осы күнi сол қасиеттi туымызды, көк байрағымызды елге белгiлi адамдар қайтыс болғанда, қоштасар рәсiмiнде мүрдесiне жабатын болыпты. Мен мұны дұрыс емес деп есептеймiн. Қайтқан адамның сүйегiне ту жауып, ақыретке шығарып салу шариғатта да, ата салт-дәстүрiмiзде де жоқ. Сонда бұл қайдан шықты?

Қайтқан кiсiнiң сүйегiне елдiң туын жабуды шетелдiң кинофильмдерiнен көретiн едiк. Әсiресе, АҚШ фильмдерiнен. Демек, оларда бұлай жасау дәстүрлiк маңыз ал­ған. Ендi сол бiреулердiң рәсiмi бiзге де жұғыпты.
Шеттен келген бұл рәсiм – бiздiң мемлекетке жат құбылыс.
Желбiреген көк байрағына қарап бой түзеп келе жатқан жас ұрпақ оның өлiктi аттандыруда жай ғана жабуға айналғанын көргенде қандай сезiмде болар екен?
 Бұл бiз елiктеуге тиiс рәсiм емес едi. Осыған не айтасыздар?
 
Мұнайдар БАЛМОЛДА,
Орал қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті