1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қараша 2009
Талап етуден жалықпауға тиiспiз!

«Алтын ғасыр» газетiнде (14.08.2009 жыл) Қ.Бесiмбергенұлының «Қор болған Маңғыстауым» атты мақаласы жарияланған болатын. Автор мақаласының бiр жерiнде Маңғыстаудағы Бейнеу ауданының аумағындағы жұмыс iстейтiн мұнай кәсiпорындарының 5-6 жылда ел қазынасына 1 миллиард доллар төлемей, шетел асырғанын жазыпты. Мақаламен таныса отырып, қанша жерден «коррупциямен күресемiз» деп жатсақ та, бiзде әлi «баяғы жартас – сол жартас» екен деген ойға келдiм.

«Өркениеттi елдерде ең ауыр қылмыс – салықтан жалтару» дейдi. Сондай қылмысқа жол берiп қойып, Бейнеу аудандық, Маңғыстау облыстық және республика деңгейiндегi құзырлы орындар, Парламенттегi халық қалаулылары қайда қарап отырған? Халық қазынасын ойсыратып жатқанда бiлiксiздiк, жүрексiздiк таныту қылмыстың үлкенi емес пе? Мақалада осы қылмысқа жол берушiлердiң бiрi болып Маңғыстау облысының бұрынғы әкiмi, қазiргi әкiмi, басқа да лауазым иелерiнiң аттары аталады. Ендi олар ел алдына шығып: «Хал­қым, бiздердi кешiрiңiздер, кiнә бiзден, жоғалған қаражаттарыңыздың орнын толтырамыз», – деп айта алар ма екен? Ай, жоқ-ау!
Менiңше, қазақ елiнiң, соның iшiнде Маңғыстау халқының «баяғы жартас – сол жартасты» қозғап шайқайтын бiр-ақ жолы
бар, ол жол – талап ете бiлу, яғни Бейнеу аудандық сотынан бастап, халықаралық соттарға дейiн шағымдану.  Не де болса «ұрланған қаражатты тауып бер» деп сотқа бара беру керек сияқты.
Сайлаубай ЕЛЕМЕСОВ,
Ақтау қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті