1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қараша 2009
Жәнiбек хан мен Керей ханның ескерткiшiн Шу ауданына орнатайық...

 2010 жылы Шу ауданының құрылғанына 80 жыл толады. Шу қаласының қала мәрте­бесiн ие­ленгенiне 50 жыл толатынына орай кең көлемде атап өтуге комиссия құрылды. Мемлекет тарапынан, яғни аудан бюджетiнен қаржы дағдарысына қатысты қаражат бөлiнбейтiндiктен, де­меушiлердiң көмегiне сүйену мақсатымен арнайы қор ашылды. Комиссияның алғашқы отырысында «Қазақ хандығының киелi Шу өңiрiндегi Қозыбасыда құрылғанының 555 жылдығына орай (1456 ж) Керей мен Жәнiбек хандарға ескерткiш орнату керек» дедiм. Бұл ұсынысым көпшi­лiктiң қолдауына ие болып, аудан әкiмi Б.Қорашолақов бiрнеше ес­керткiштiң авторы Алтыбай Орманов деген азамат­қа болашақ ескерткiштiң сұлбасын (эскизiн) жасаттырды. Ұлтымыздың ұлылығын паш ететiн ауқымды шараға қыруар қаржы керек екенi мәлiм. Халыққа, қарапайым мұғалiмдер мен дәрiгерлерге, тағы да басқа қызметкерлерге ауыртпалық салмайтын дархан жанды қалталы мырзалар ендi бой көрсететiн шығар деген үмiттемiн. Моңғол елiндегi 230 тоннадай таза күмiстен орнатылған Шыңғыс ханның ескерткiшiн бiр ғана кә­сiпкердiң өз қаржысына жа­сат­қанын «Жас Алаш» жазды ғой...

Жатжұрттық «жұлдыздарға» миллиондаған қаржысын бейберекет шашып жүрген қаракөз бауырларымыз елдiгiмiздiң ерек­шелiгiн айшықтайтын – Қазақтың мемлекет болып қалыптасуының iргесiн қалаған Керей мен Жәнi­бек хандарға ескерткiш жасаттыруға атсалысса...
Дәл осы жерде көпшiлiкпен ойласу мақсатында мына бiр ойым­ды да көлденең тарта кеткiм келедi. Жүздеген миллион теңге қаржы жұмсалып, елордамыз Астанадан орын табылмай қо­қыс­қа тасталған хандарымыздың ескерткiшiн қайтемiз? Солай жата бере ме? Әу баста жобаланған өз орнына қойғызуды ел-жұрт болып талап етейiк.Тiптi оған көнбесе, Шу ауданындағы көрiктi жерге орнатсақ қайтедi? Бәлкiм, осы iстi қолға алармыз...
 
Мәкен Уақтегi,
Қайрат Рысқұлов атындағы
қоғамдық қордың төрағасы,
Төле би ауылы,
Шу ауданы,
Жамбыл облысы.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті