1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қараша 2009
Зерттеушi де абайлап сөйлеуi керек

Биыл қараша айының 3-i күнi «Жас Алаш» газетiнiң №88 (15442) санында зерттеушi Бақыт Садықованың «Абайлап сөйлейiк...» деген мақаласы жарық көрдi. Онда қазан айының 21-i күнi Қазақ радиосының әуе толқынына шыққан «Алаш рухы» хабарында «бiлдей бiр ақынымыздың» («өзi ойлансын» деген ниетпен аты-жөнiн әдейi айтпай отырмын дейдi Бақыт Садықова) «Мұстафа Шоқай Түркiстан легионын құрды» дегенге саятын пiкiр бiлдiрдi деп жазады. Әлбетте, бұл пiкiрiн Бақыт Садықова Қазақ радиосына өзi келiп айтса да болар едi. Ендi Қазақ радиосы аталғаннан кейiн сол хабардың жүргiзушi-редакторы ретiнде жауап беруге мәжбүрмiз. Бақыт Садықова айтып отырғанындай, хабарда бiздiң кейiпкерiмiз («бiлдей бiр ақын») Мұстафа Шоқайды фашистермен ауыз жаласты деген пiкiр айтпаған. Сенбесеңiздер, сол хабардың жазбаша нұсқасын өз көзiңiзбен көрiңiздер. Мiне, ақынның таспаға жазылып алынған сөзi:

«Мария Шоқай өзiнiң күнделiгiнде айтады: өмiрiнiң соңғы кезеңiнде Мұстафа тұтқынға түскен түркiстандықтармен мiндеттi түрде кездесуiм керек деп аласұрды дейдi. Сонда тұтқынға түскендердiң iшiнде, қазағы бар, өзбегi бар, түркiменi бар соларды концлагерьге iздеп барып, оларды өлiмнен алып қалу. Мұстафа Шоқай көптеген адамдарды концлагерьдегi өлiмнен алып қалған. Сан түрлi желеумен. Ақырында осы жолда өзi де опат болды. Сонда Мұстафа Шоқай бар-жоғы 51 жасында қайтыс болды, 52 жасқа қараған жап-жас шағында. Ал ендi қайда барса да стандартсыз адамдарға бақыт жоқ қой. Абайдың сөзi бар: «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деген. Бәрi осыған келiп тiреледi деп ойлаймын. Ал ендi ештеңе ойламайтын дарақы адамдарға, жеке басын күйттеген адамдарға жер бетiнiң бәрi той емес пе?!»
Жүргiзушi: «Кеңес тарихында Мұстафа Шоқайдың есiмiне қара күйе жағатын тұсы да осы немiс лагерьлерiмен байланысты. Яғни, оны «немiс-фашистерiмен қызметтес болды. Түркiстан легионын құрушы» деген тарихи деректердi бiз әлi күнге дейiн кездестiремiз. Оған тiптi де күмән келтiрмейтiн тарихшыларымыз да жоқ емес».
Ақын: Ол – жала, ол – бiлмеген адамның сөзi, ол – бiлiмсiз адамның айтқан сөзi. Оған бiздiң айғақтарымыз да, дәлелдерiмiз де, дәйектерiмiз де бар. Мұстафа Шоқайдың бұған мүлде қатысы жоқ. Өйткенi, Мұстафа Шоқай – халықтың тәуелсiздiгiн, түркi дүниесiнiң тәуелсiздiгiн армандаған адам. Өзiнiң еңбегiнде жазады: «Мен егер Түркiстан мемлекетi құрылып жатқан жағдай болса, сол елдiң идеологиясын ғана басқарған болар едiм», – деп армандайды. Ол кiсi қызметтi, үлкен бiр тақты, мансапты армандаған адам емес. Ол Түркiстанның тәуелсiздiгiн, қазақ халқының бостандығын армандаған адам».
Толқынай Ахмет,
Қазақ радиосының «Алаш рухы» хабарының
жүргiзушi-редакторы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті