1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қаңтар 2011
Иттiң де обалы болады

Үй болған соң аулаңда итiң болғаны жақсы. Сондықтан оны уақытында тамақтандырып тұрған дұрыс. Шынымды айтсам, ит асырамағаныма бiрнеше жыл болыпты. Асырағым келедi-ау, бiрақ өлiп қала беретiнi жаныма қатты батады. Осы жасыма дейiн 30 шақты ит асырадым. Олардың бәрiнiң өлiмi адам қолынан болды. Бiрi у берген, екiншiсi таспен ұрған... Жан-жан­уарға деген мейiрiмдiлiгi жоқ өте қатыгез адамдардың қолынан қаза бол­ғанына iшiм қайнайды. Мұндай адамдар жан-жануарлар түгiлi, адамды да аямайды. Олар жан-жануардың қарғысы, обалы жiбермей­тiнiн бiлмейтiн шығар.

 Жалпы, ит пен мысықтың қарғысы жаман. Бiрде бiр жолдасымның қайғылы қазаға ұшырағанын естi­дiм. Мақат ауылында тұратын едi. Бұрын ол ит ату жұмысына орналасып, талай қаңғыбас иттердiң обалына қалып едi. Ұдайы түсiне иттер кiредi екен. Түсiне кiрген иттер мен мысықтардың жанайқайы оны ұйықтатпапты. Ақыры ұйқысы қашып, аурулы болып, ит қорлықпен қаза болды...
Менiң айтайын дегенiм, үй­лерiңдегi ит, мысықтарыныз­ға зәбiр, қорлық көрсет­пеңiз­дер, қайта оларға мейiрiм­дi болыңыздар.
 
Қайраткер КЕМЕЛХАНҰЛЫ,
Құлсары қаласы,
Жылыой ауданы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті