1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15569) 27 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қаңтар 2011
Рухани дағдарыс

Менi оқушылар арасындағы әлiмжеттiк жасау, қорқытып-үркiтiп ақша сұрау не тартып алу, денеге ауыр жарақат салу, тонау, алдау-арбау, ұрлық жасау, көлiктi айдап кету, iшiмдiк iшу сияқты келеңсiз жайлардың көбейiп бара жатқаны қатты қорқытады. Халық көп жиналған жерлерде қайыр сұрап ақша жинайтындар да бар. Ал жасалып жатқан қылмысты кейбiр ата-аналар полицияға жауып, одан қалды оқу бөлiмдерiн кiнәлауы дұрыс емес. Барлық ауыртпалықты мектептiң мойнына артып қоюмен шектелетiн ата-аналар да жеткiлiктi. Менiңше, бұл дұрыс емес.

Жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың ауыздықталмай жатуы рухани дағдарысқа ұшырап, рухани ашаршылық күй кеш­кенiмiзден. Балалар шетелдiң киносын көрiп, теледидар, компьютер алдынан шықпайды. Олар­ға тәрбие берiп жатқан – теледидар мен компьютер. Ал тәрбиенiң маңызды көзi – кiтап, газет, журнал. Тек осылар ар­қылы ғана жас ұрпақ өздерiнiң бойларына туған Отанына, жерiне, халқына деген сүйiс­пеншiлiк сезiмiн қалыптастырады. Сондықтан газет-журналға жазылмаған оқушылардың ата-анасымен мұғалiмдер, сынып жетекшiлерi сөйлесiп, оқушыға арналған баспасөзге жаздыру керек. Тiптi қатаң бақылауға алуы қажет. Облыс, аудан оқу бөлiмi мектеп директорларына қатаң талап қойып, жауап­кершiлiктi күшейтуi керек.
Тағы бiр айтарым, жастарды имандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеуде дiннiң алатын орны ерекше. Кiсi ақысын жемеу, бiреуге әлiмжеттiк жасамау секiлдi қағидаларды ата-ана баланың құлағына құюдан жалықпағаны дұрыс. “Бiреудiң ала жiбiн аттама”, “Ұрлық түбi – қорлық”, “Ұрының арты қуыс” деп жаман әдеттен сақтандырып отырғаны жөн. Сондықтан мектепте аптасына бiр рет болса да дiни сабақтар жүргiзiлгенi жөн болар едi.
 
Айса ХАМЗЕҰЛЫ,
педагог-жазушы,
Ақмола ауылы,
Целиноград ауданы,
Ақмола облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті