1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қаңтар 2011
Үшаралдан үшбу сәлем

“Жас Алаш” газетiнiң 2010 жылдың 17 маусымындағы №48 санында “Су дауы құм дауынан да мықты” атты мақала жарық көрiп, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылындағы ауызсу мәселесi айтылған-ды. Жақында облыстық прокуратура арнайы брифинг өткiзiп, Үшарал ауылына ауызсу жүйесiн жүргiзген “Нұрбах” ЖШС директорының үстiнен қылмыстық iс қозғалғанын жеткiздi. Бұл компания 16 миллион теңгеден астам қаржының жұмыстарын атқармаған көрiнедi. Нәтиже­сiнде облыстық прокуратура “Нұрбах” ЖШС директоры Б.Фазыловтың үстiнен ҚК-нiң 177-бабының 3-бөлiгi, “б” тармағы бойынша қабылдау комиссиясының мүшелерiне қатысты 307-бабының 2-тармағына сай қылмыстық iс қозғапты. Сондай-ақ “Жас Алаш” газетi бұл мақалада Үшаралдағы ауызсу құбырларының сатылып кеткенiне алаңдаушылық бiлдiрген-дi. Жақында редакциямызға арнайы келген Үшаралдағы Ә.Сағынтаев атындағы ЖШС директоры Жүнiс Ахметов сатылып кеткен ауызсу құбырларының құжаттарын көрсетiп, бұл iсте ешқандай да заң бұзушылық жоқ екенiн айтты.

Үшарал ауылы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті