1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қаңтар 2011
“Балам – маскүнем, немерем – нашақор”

Бiрде көшенiң шетiн­де мұңайып отырған кейуанаға жақындап барып, амандасуды жөн көрдiм. Менi көрiп қуарған жүзiне қан жүгiре бастаған ана аздан соң әңгiме айта бастады. “Менiң өмiр жолым, тағдырым өте қиын болды. Әкем соғысқа аттанғанда, анамның құрсағында екенмiн. Анам байғұс сүйген жарымен қимай қоштасып, жесiрдiң тонын киiп қала бередi. Әкем сол кеткеннен оралмады. Менi анам жалғыз өсiрiп, бағып-қақты...

...Ұлым былтыр қу арақтың салдарынан көз жұмды. Келiнiм жаңа заманға лайықты өмiр сүруiмiз керек деп, баламның қырқы өтпей жатып менi қалаға көшiрiп әкелдi. Ендi, мiне, ұлымның түбiне қу арақтың жеткенi аздай, немерем қаланың безбүйректе­рiне қосылып, нашақор болып шыға келдi. Ақыл айтсаң, үлкен екен-ау деп тыңдап жатқан немере, сыйлап жат­қан келiн жоқ.
Қарағым, бiз осы қандай күйдемiз? Жастарымыз қай бағытқа iлесiп барады? Бұл менiң басымдағы қайғы ғана ма? Ата-бабаларымыз не үшiн, кiм үшiн қан майданда қанын төгiп, жанын бердi? Осыны ойласам, үйде отыра алмай, iштен өртенердей қиын халге душар боламын. Ендiгi айтар тiлегiм, өсiп келе жатқан әрбiр бүлдiршiн – бiздiң болашағымыз. Сол жас ұрпақтарға бұғанасы бекiп, сүйегi қатайып үлгермеген кезiнен бастап, дархан даламыздың, кең байтақ жерiмiздiң, асыл қазыналарымыздың оңайлықпен келмегенiн, барлығы да, тiптi егемендiгiмiздiң өзi ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша соғысып, халық үшiн, ел үшiн еткен ерлiк­терiнiң арқасында жеткенiн құлақтарына құйып, саналарына сiңiре бiлуiмiз керек”, – деп кейуана әңгiмесiн тәмамдады.
Жеңiсбек  МӘУЛЕНҚҰЛОВ,
Оңтүстiк Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті