1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қаңтар 2011
Өмiрәлi ағам және бiз

Ауылда iрiмшiк, құрт, сарысу, балқаймақ қайнатып жатқан үйге барып, бұзаушық яғни бiр сындырық қайнатпа алушы едiк. Әрине, қайнатпалар қазiр әуес ас болғанымен, ол кезде бiр үзiм нанға жетпейтiн. Сол бiр үзiм нан үшiн ауылдағы он шақты бала Ойға (Таушықтыой) кеткен үлкендердiң келер жолына телмiре, тесiле қарайтынбыз. Таушықтыойға кеткендердiң жолы болып, нан әкеле қалса, алдынан жүгiрiп шыққан балаларға бөлiп берiп, үйдегi ауру әке-шеше мен еңбектеген балаға қалдырушы едi. Ол да бiр өткен өз қызығы таусылмаған балалық шақтың күндерi болатын.

Өмiрәлi ағам (сол тұста ағамның жасы 15-16-да едi) 3-4 күнге Таушықтыойға сүт сатуға кетер алдында: “Менiң тiлеуiмдi тiлеңдер”, – дейтiн. “Нан, прәндiк, кәмпит әкелем” деп азғантай жинаған бұзаушығымызды жинап алып кететiн. Ауылда қақпан құрып, аң аулап, қарабауыр-бұлдырықтың ұясына тұзақ құрып, бала-шағаның қамқоры болып отырған әкемiз жылда күз айында Қарақалпақ жаққа барып, жиған терiсiн, жүнiн, басқа да нәрселердi аз ғана ұнға айырбастап келушi едi. Сүттiң ақшасы мен бұзаушықтың ақшасына әкелген секер үйдiң төрiнде тұрған тозығы жеткен қара сандыққа “құйылып” жататын. Қара сандықтың ашқышы шешемiздiң шашбауында жүредi, ол ашқышты отбасын, тiптi ауылды асырап отырған әкемiз де қолына ұстамаушы едi.
Бiрде әдеттегiше әкем жолға жүрерден бұрын ақсарбасын айтып, оншақты үйдiң бала-шағасына дейiн жинап, өзi жоқта не iстеу керегiн, қай қыстауға қашан көшу керегiн және басқа да тапсырмаларын пысықтап айтты. Содан кейiн қыз-келiндерден не әкелу керек екенiн қайта-қайта сұрады. Кезек қара сандықтағы секерге келгенде, сiлекейiмiз шұбырып, қара сандыққа көзiмiздi сатып жәутеңдедiк. Шешемiзден қара сандықтың кiлтiн алып, сандықты ашқан әкемiздiң жан даусы шығып: “Секер қайда кеткен?” дедi. Сөйттi де, шешемiздi бiр-екi рет қамшымен салып-салып жiбердi. Секерден дәметiп отырған бiздердiң жан даусымыз шығып, анамыз­ға тығылдық.
Шешемiз: “Мен қайдан бiлейiн? Алтын кiлттi лабақ (бұл шешемнiң қайнысына қойған аты) Ойдан келген сайын әкелген секерiн сандыққа салып жататын”, – деп жатты.
Әкемiз көмiр қазып жүргенде сол қолына шоқыр кiрiп кетiп, сондықтан соғысқа бармаған кiсi болатын. Сұрақ кезегi ағамызға келгенде естiгенiмiз: Ойға барардан бiр күн бұрын шешемiзден ашқышты ұрлап алып, бiр-бiр жарым келiдей секердi жол қалтасына салып қояды екен де, Ойдан келген соң сандықты аштырып, өз секерiн өзiне қосады екен. Алты ай жазда сандықтың аузын бiр ашып қарамауымыз... Сенгiштiктi қойсаңшы. Бәрiн бауыр деп жүрген заман-ай, десеңшi?! Әбден ашуланған әкемiз: “Көзiме көрiнбе...”, – деп оны қуып жiбердi.
Ауылдан кеткен Өмiрәлi ағам Шағадам (қазiргi Түрiкменбашы) жаққа барып, сол жақтан соғысқа аттанып, елге 1953 жылы ғана оралды. Ауылдан кеткенде көрген қиыншылығы, соғыстағы ауырт­палық оны қатты өзгертiптi. Ол бiздерге және ауылдағы басқа да балаларға қамқоршы болды. Бiздер де Өмiрәлi ағамыздың нағыз тiлеуқор iнiсi едiк...
 
Шахтыбай Қошанбет,
Ақтау қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті