1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4-5 (15566-67) 20 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қаңтар 2011
Балаларды жан-жануарға теңеу қалай болар екен?

13 қаңтар (№2) күнгi “Оқырман хаттары” бетiнен шығысқазақстандық замандасым Қайырбек Әдiбаевтың “Баласын жақсы көрмейтiн адам жоқ” деген мақаласын оқыдым. Оқыдым да шошыдым. Менiң немерелерiмнiң жастары Қ.Әдiбаевтың немерелерiмен шамалас екен. Мен автордың пiкiрiне үзiлдi-кесiлдi қарсымын. Себебiн айтайын.

Автор өз мақаласында “...Аюды циркте билету үшiн тәттi бередi, атты жұмыс iстету үшiн сұлы бередi. Тiрi организмге жұмыс iстету үшiн бiр қажеттiлiк керек” дейдi. Сонда бiз немерелерiмiздi, ұл-қыздарымызды жан-жануарға теңеуiмiз қалай болар екен? Менiң балаларымның, немерелерiмнiң түйсiгi аю мен аттан жоғары. Балаларым да мектепте жақсы оқыған, өз күштерiмен жоғары оқу орындарына түсiп (грантпен), бiлiм алды. Немерелерiмнiң де оқу үлгерiмi жақсы. Мен оларды ақша берiп емес, “мен де жаза бiлмеймiн, бiрге жазайық”, “есептей бiлмеймiн, бiрге есеп шығарайық”, “түк те оқи бiлмеймiн, маған да үйретшi” деп, олармен бiрге қайтадан жазуды “үйренiп”, қайтадан оқуды “үйрендiм”. Рас, оларға өтiрiк айттым. Немерелерiм басында сенбей, таңырқай қарайтын. “Үлкен адам да оқи бiлмей ме?” деген секiлдi. Олар маған “үйреттi”, мен оларға үйреттiм. Бiрақ ол өтiрiктi немерелерiмнiң оқуға деген қызығушылығын тудыру үшiн iстедiм. Өзiме күнделiк сатып алдым. Үш немерем маған кезек-кезек “баға” қойды. Ал оларға бағаны мұғалiмдерi қойды.
Жұмыссыз болған соң уақытым да жетерлiк. Зейнеткерлiкке бiрер жыл қалды. Бар өмiрiмдi осы үшеуiн оқытуға арнап келемiн. 50, 30 теңгесiз-ақ немерелерiмнiң оқуға деген ынтасы жетерлiк... Ақша берiп оқыту – дұрыс емес.
Әмина Байманова,
Тобыл стансасы,
Қостанай облысы.
 
МАШИНАҒА МIНГЕН СОҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАМ САП ТЫЙЫЛДЫ
 ...7-сынып оқып жүргенде әкем “мектептi жақсы бiтiрiп, грантқа оқуға түссең, 5 мың АҚШ доллары тұратын жеңiл көлiк сатып әперемiн” деген. Көлiкке мiнiп жүргенiмдi күнде кешке ұйықтар алдында көз алдыма елестетiп жүрдiм. Сыныптастарыммен қыдырмадым, бос жүрiске уақытымды қимадым. Тек сабақ оқумен болдым. ҚазМУ-ға, тарих факультетiне оқуға түстiм. Неге тарих факультетiне оқуға түскенiмдi әлi күнге дейiн түсiнбеймiн.
Әкем сөзiнде тұрды. “Мицубиси-Галантты” иелен­дiм. Машинаға мiнген соң оқуға деген ынтам сап тыйылды. Әбден сабақ оқудан шаршаппын. Кiтап бетiн ашқым келмейдi. Әкем мұнымды түсiндi ғой деймiн, “ақылың бар баласың, менi жерге қаратпа!” дедi.
Университеттi қызыл дипломға бiтiрдiм. Үйлендiм. Келесi жылы қызым 1-сыныпқа барады. Мен де осы бас­тан қызымның жақсы оқуы үшiн әрi оны оқудан жалықтырып алмас үшiн бiр әдiс ойлап тапқым келедi. Бiрақ әлi таба қойған жоқпын...
М.Сармұрзин,
Павлодар қаласы.
 
АТА-ӘЖЕСIНЕН ҮЙРЕНДI...
...Қ.Әдiбаевтың “Баласын жақсы көрмейтiн адам жоқ” деген мақаласын оқығаннан кейiн өз ойымды бiлдiргiм келдi.
Кiшкентайынан ақшаға құныққан ұл-қыздан болашақта қандай азаматтар шығады? Соны ойладық па? Олар тек қана ақшаны ойлап, өзгенi ұмытып кетпей ме?
...Иә, қазiр бәсекелестiк заманы. Бiрақ ақша үшiн жақынын сатып кетiп жатқандарды көрiп жүрмiз. Осы ақша үшiн анасы мен қызының соттасып жатқанын да көрдiк (Бетiн әрi қылсын!).
Балаларды, автор айтпақшы, компьютер алдынан, теледидар алдынан “жұлып” алатын, ынтасын оятатын басқа бiр әдiс табу керек. Тек әр бағаға ақша төлеу арқылы емес. Ол баланың студент болғанда өз оқытушысына әр баға үшiн ақша төлеуi де мүмкiн ғой. Неге төлемеске? Оған да кезiнде ата-анасы әр бестiк үшiн 50 теңге төлеп тұрды. Ол оны ата-анасынан, ата-әжесiнен үйрендi...
 Бақыт Қалдыбаев,
Қарағанды облысы.
 
ДҰРЫС ПА ДЕП ҚАЛДЫМ
“Жас Алаштан” Қ.Әдiбаевтың “Баласын жақсы көрмейтiн адам жоқ” атты мақаласын оқыдым. Дұрыс, баланы оқыту үшiн ынталандыру керек. Қазiргi балалар бесiгiнен қағынып туады. Бiлмейтiндерi жоқ. Замандары басқа, қоғамы басқа. Кеңес одағы кезiндегiдей емес дегенiм ғой.
Немеремнiң кейбiр қылықтарына қарап, қазiргi заманның балаларын алдап, бiр нәрсеге алаңдатып, қызығушылық танытып, ынталандырып отырмаса болмайды. Сондықтан Қ.Әдiбаевтың әдiстемесiн дұрыс па деп қалдым.
С.Кәрiпжанова,
Астана қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті