1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 қаңтар 2011
Шырмауық

Жаздың басында Есентай өзенi бойымен серуендеп жүрiп, темiр тормен қоршал­ған «Церковь Надежда» атты христиан дiнiнiң құлшылық үйiн кезiктiрдiм. Темiр қоршауды бойлай өсе бастаған шырмауық жерсiнбедi ме екен, аса көп құлаш сермей қоймапты. Бiрде ауланың iшiн сыпырып жүрген жас жiгiттi шақырып, сөзге тарттым.

– Қазақсың ба?
– Иә.
– Қазақша сөйлейсiң бе?
– Сөйлеймiн.
Арықтау келген жас жiгiттiң көзiнде мұң жатқандай. Әдептiлiк танытып жымиған болады. Қызыл иектерi тартымсыз бiткен екен. Тiстерiнiң астына да, үстiне де түзетуге арналған сым кергi қойдырыпты. Артына қарайлап жасқана сөйлеп тұр. Қа­зақтың баласының өз же­рiнде сонша жаутаңдағаны жаныңа батады екен. Iшiм әлде­ненi сезiп тұр.
– Iнiм, сен өзiң хрис­тиан болып алғаннан саумысың?
– Иә, аға.
– Бауырым-ау, мұның не? Сен қазақ емессiң бе? Бүкiл ата-бабаң мұсылман болған жоқ па?
– Ендi солай болып қалды...
Мұндай қазақтың талайын кездестiрiп те, көрiп те жүрмiз. Ақ жаулықты аналардың басқа дiннiң өкiлiне айналғанымен қоймай, өзгелердi үгiттеп жүргенiн де талай рет көрдiк.
Бұл жiгiтке көп нәрсе айтып тастағым келдi. Айттым да. Жетесiне жетсе.
– Сен сонда осы шiркеудiң сыпырушысың ба? Қанша төлейдi?
– Әзiрше сынақ мерзiмiнде жүрмiн.
Басыма қаным теуiп шыға келдi. «Сорлы-ау, өз жерiнде өзiң құл болып жүргенiң не? Дiнiң­дi сатқандағы бар­ жеткенiң осы ма?»
Ары қарай ыза­ға булығып сөй­лей алмай қалдым.
Бiздiң үй жақтағы жақын квадраттың өзiн­де бiр емес, 4-5 шiр­кеу бар. Дәл осы шiркеулер орналасқан квадратта бiр­де-бiр мешiт жоқ. Оның есесiне үш бiрдей жекеменшiк үйлердiң ауласында орналасқан сектанттық шiркеулер жұмыс iстеп жатыр. Олардың негiзгi мақсатын, жұмысын тек­серiп жатқан кiм бар?
Шеттен келген дiн шырмауық сияқты қазақты шырмап жатыр. Мұның арты не болар екен?..
 
Мұхтар Тұрғынұлы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті