1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 қаңтар 2011
Ақын қыз бен арсыз болыс

Елiнiң сорпаға шығары атан­ған қыңыр мiнездi Балғабай болыс алты қатын алыпты. Қазаны майлы, төсегi жайлы, төрт түлiгi сай бай алпысты алқымдағанына қарамас­тан өзiне тағы да ат сабылтып қалыңдық iздей бастайды. «Ел құлағы елу» дегендей, жасынан ақын, әрi әншi атанған Бал­күмiстiң даңқын естiген бай соны айттырмақ болады. Қыз аулының маңына ақ үй тiктiредi.

– Ақ дидарын көрсетiп, әсем әнiн естiртсiн, – деп бiр жiгiтiн Балкүмiске жiбередi. Құрбы қыздарын ертiп, табалдырықтан аттай берген Балкүмiстi Балғабай қарсы алып:
– Балкүмiс, iздеп келдiм сенi алыстан,
Қырандай ұясына қонаға ұшқан.
Жасатам күмiс ошақ, алтын кесе,
Жар болсаң жақсылыққа қол алыс­қан, – деп бiр серiгiне шығартып, жаттап алған өлеңiн айтып, аңыратып қоя бередi.
Сонда Балкүмiс iле жауап қайтарып:
– Жайылған дүйiм елге атағың бар,
Қалтаң тоқ, үстiңде асыл шапаның бар.
Табылар өн бойыңнан бiр ғана мiн –
Аузыңда алты қарыс сақалың бар.
Не керек, күмiс ошақ, алтын кесе,
Тiлегiн жас жүректiң өтемесе,
Айтшы, ата, он бесiңде қайтер едiң,
Кемпiрге сексендегi некелесе, – деп арсыз болыстың аузына құм құйып, үйден шығып кеткен екен.
 
Жазып алған
Болат Шайманұлы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті