1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 қаңтар 2011
Жұмыс iздеп сандалсақ...

Өмiрде жар таңдаумен бiрге мамандық таңдаудан да қателеспеу керек. Бұл екеуiнiң бiреуiнен сүрiнiп кетсең, өмiрiң өкiнiшпен өтерi сөзсiз. Бiрақ қазiргi кезде мамандық таңдау жүрек қалауымен iске асып жатыр ма? Әрине, олай емес. Табаны күректей дипломды (оның iшiнде қызылы да бар) сандықтың түбiне тастап, қара жұмыспен не болмаса базар маңын жағалап жүргендер баршылық. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, әбiгер болып жүрген жастар да жетерлiк. Кейде қай жұмыс орнына маман тапшы, соның жетегiнде кете беретiнiмiз де шындық. Екi қолға бiр күрек табылғанына риза болған дипломды жас мамандар арнадан ауытқып-ақ барады.

Маман даярлап шығаруда ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мамандықтарға мониторинг жүргiзiп, осыған сәйкес факультеттер ашып және сол салаға мемлекеттiк гранттар бөледi. Тiптi қазiргi күнi «Дипломмен ауылға» жобасы iске асырылып жатыр. Әрине, бұл – қуантарлық жағдай. Соның iшiнде дәрiгер, ұстаз кадрларына тиiсiнше жағдай жасалуда. Алайда жоғары оқу орындарындағы өзге мамандықтар назардан тыс қалып отыр. Мәселен, журналистиканы алайық. Бұл мамандыққа сұраныс жоқ. Аудан редакцияларына жас мамандардың өздерi сұранып жатады. «Дипломмен ауылға» жобасына осы мамандықты кiргiзуге болады ғой. Бұдан басқа да мамандықтарды «Дипломмен ауылға» жобасына кiргiзген дұрыс болар едi.
 Ақмарал Жанғалиева,           
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студентi,
Петропавл қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті