1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15564) 13 қаңтар, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 қаңтар 2011
Қазақ пен қазақ орысша сөйлескенде...

Мен де көкейiмдегi ой-пiкiрлерiмдi бiлдiргiм келедi. «Ағайынды» киносын қайталап көрсеткенде жұрт: «Түкке тұрғысыз, мағынасы жоқ киноны қайта көрсеткенi несi?» – деп жақтырмаған. Шынымен-ақ, бұл фильмдi менiң де көргiм келмедi. Әсiресе, орысың былай тұрсын, қазақ пен қазақ орысша сөйлегенде... күйiп кеттiм.

Жалпы, халық кәрiс, түрiк сериалдарын жақсы көредi. Бiр ғажабы, олар тек өз тiлдерiнде сөйлейдi. Әр актер кейiпкерлерiнiң рөлдерiн тап бiр өз басынан кешiрiп жүргендей берiлiп ойнайды. Жасандылық дегендi көрмейсiң. Ендi «Жаным» деген сериал жанымызды жаздай жадырататын шығар деп ойлағанмын, сөйтсем, оным бекер екен. «Апама жездем сай». Мұны бiр деңiз.
Екiншiден, «қазiргi жастар кiтап оқымайды» деп бiздi кiнәлап жатады. Жастар түгiлi, үлкендердiң өзi кiтап оқығысы келмейдi. «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды» демекшi, қазiргi шығып жатқан мақтаншақ ақын, жазушылардың кiтаптарын кiтап деуге болмайды. Қа­зiргi заманғы кiтаптарда министрлермен, депутаттармен құда болғанын, жолдас болғанын мақтанып жаза бергенше, кейiнгi жастарға үлгi боларлық тәлiм-тәрбиеге толы өнегелi кiтаптарды көптеп шығарса, оқырмандардың да қарасы көбейер едi.
Бағдагүл Игенбайқызы,
Жанкелдин ауылы,
Қызылқоға ауданы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті