1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15562) 30 желтоқсан, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
30 желтоқсан 2010
Түйенiң тобығын жұтқан Байғыстау

Үйге сәлем берiп үш кiсi кiрiп келдi. Бәрi де көршi ауылдың адамдары. Iшiнде Жолымбет бар. Амандық-саулық сұрасқаннан кейiн Жолымбет келген шаруасын айта бастады.

– Әй, Байғыстау, бiз сенен түйемiздi сұрап, даулап келiп отырмыз. Ђткен қыста бiр iнгенiм жоғалды. Ұры алыстан келген жоқ. Тоқ етерiн айтсақ, оны ұрлаған сенсiң!
Мына сөздi естiген Байғыстау төбесiнен бiреу мұздай суық суды құйып жiбергендей сiлейдi де қалды. Ђзiне айып таға келген жамағаттың бет-жүзiне барлай қарап, сәлден соң:
– Мен алды дейтiндей, не дәлелдерiң бар? – дедi.
– Дәлелiмiз – жұртыңнан тауып алған түйенiң тобығы. Түйе қыста жоғалды. Сен алды деген күдiгiмiздi осы сәйкестiк те еселей түседi. Ђйткенi сенiң iзiңдi ауыл маңынан көргендер де бар. Бiрақ ауылдан шыққан түйенiң iзiн көрген-бiлген жан болмаған соң, әлiптiң артын бақтық.
– Түйенi ауылдан жетелеп алып кетпеген. Көкке ұшып, ғайып болмаған шығар. Бұл маңда сенен басқа түйе көтеретiн палуан жоқ. Оны өзiң де бiлесiң, – дедi жоқ iздей келгендердiң iшiндегi етi тiрi бiреуi.
Түйе көтеретiн палуан демекшi, уәж айтып отырған мына топтың сөздерiнiң жаны бар едi. Ђткен жылы Байғыстау Шыңырауға түсiп кеткен түйенi шығара алмай жатқанының үстiнен түсiп, түйенi жалғыз өзi тартып шығарған болатын. Содан кейiн бұл – түйе көтерген Байғыстау аталып кеткен. Мыналардың меңзеп отырғаны осы жайт.
Қамшының сабындай келте өмiрде адал еңбектiң нанын ащы терiмен та­уып жеп жүр. Бiраз үн­сiз ойланып отырып, бiр уақытта жоқ iздегендерге:
– Маған таңып отырған айыптарыңды естiдiм. Ендi айғақтарыңызды көрсетiңiздершi, – дедi.
Отырғандардың iшiнде жастау бiреуi орамалға түйiлген тобықты алып, Байғыстауға көр­сеттi. Байғыстау түйенiң тобығын қолына ұстап, ары-берi аударыстырып қарап отырды. Тобықты аузына салып, толғап-толғап тұрып жұтып жiбердi. Жұдырықтай тобық өңештен бiр бүлк етiп өткен кезде үстiндегi жейдесiнiң жаға түймесi бырт етiп үзiлiп түстi. Алғашында не болғанын түсiне алмай, аң-таң қалған айыптаушылар бiр сәт үнсiз қалысты. Iле естерiн жинап, не болғанын бағамдағаннан кейiн:
– Айғақты тобықты жұтқаныңмен бәрiбiр осы түйенiң құнын сен төлейсiң. Қара да тұр. Бiз ендi би алдына жүгiнемiз, – дестi.
...Би алдында шағымданушы Жолымбет бiрiншi болып сөз бас­тады.
– Түйем өткен қыста қолды болды. Ұрының алыстан келме­генiн бiлемiн. Оны ұрлаған – Бағыстау. Айғағым да бар едi. Оны да жұтып қойды.
– Ол қандай айғақ жұта салатындай, – дедi би.
– Айғағымыз осының жұртынан тауып алған түйенiң тобығы едi. Оны Байғыстау «қане көре­йiн­шi» деп алып, жұтып қойды.
Төрде отырған би қолын көтерiп, дабырласқан жұртты тоқтатты.
– Балам, барып қойдың тобығын алып келшi, – деп жанында отырған немересiн тысқа жұм­сайды. Көп уақыт өтпей-ақ қой­дың тобығын қолына алып қарап:
– Әй, Жолымбет айтқан сөзiң рас болса, мына қойдың тобығын өзiң жұт. Сонда саған түйеңдi Байғыстаудан өндiрiп беремiн, – дедi.
Жолымбет тобықты аузына салып, ары толғап, берi толғап көрiп едi, жұта алмады. Ызаланған ол тобықты лақтырып жiбе­рiп, орнынан ұшып тұрды. Кетiп бара жатып: «Байғыстау, айуан екенсiң...», – дептi. Осыдан кейiн Байғыстау «Айуан» атаныпты.
Одан берi өмiрге талай ұрпақ келiп, талай ұрпақ кеттi. Ал Байғыстаудан тараған ұрпақ қазiр «Айуан балалары» деп аталып, Көкдөнен ауылын мекен етiп отыр.
 
Ардақ Үсейiнова,
Көкдөнен ауылы, Т.Рысқұлов ауданы,  Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті