1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 қазан 2010
Хатқоржын

...Билiк басындағылардың қазақ тiлiне жаны ашитыны рас болса, тiл мәселесiн тағы да он жылға созбай, тез арада тiл туралы заңға өзгертулер енгiзiп, бұл мәселенi дұрыс жолға салуы тиiс. Ата заңымызға «Мемлекеттiк қызметкер мемлекеттiк тiлдi бiлуге мiндеттi!» деген сөйлем енгiзiлсiн. Тiл тағдыры төменнен емес, жоғарыдан шешiледi. Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүредi. Қазақ тiлi – сөздiк қоры мол, бай тiл, оның басқа тiлдерден еш кем еместiгi әбден дәлелденген. Бiздiң елде мемлекеттiк тiл туралы қабылданған заңның өзi солқылдақ. Көпке созбай, ҚР «Тiл туралы» заңға түзету енгiзiп, қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл етудiң қажеттiлiгi туды.

Айбол Әбдiмәжитұлы,
Алматы.
 
***
...Бiр болмашы жетiстiктi бүкiл әлемге паш етiп, дүрiлдетiп той жасауға келгенде, шетелден толассыз қонақтар шақырып, атақтыларды ақшамен қызықтырып, төрге шығарып, бiр көргенiн қырық жылғы досындай көрiп, ыржалаңдап мәз болып, кеткенiнше қошаметтеп, сыйлық берiп шығарып салмасақ, көңiлiмiз көншiмейдi. Бұл қазақи қонақжайлығымыз ба, әлде даңғойлық па, түсiне алмадым.
Серiк Хамитұлы,
Қарағанды.
 
***
...Ұлт қамын ойлайтын азаматтарымыздың заман көшiнен қалып бара жатқаны менi де ойландырады. Шерағаның VI томынан «Тәуелсiздiк алғанда тұмағымызды аспанға лақтырып, қуанып едiк. Сөйтсек, тұмақ талға iлiнiп қалыпты» дегенiн оқығаным бар. Әлде сол тұмақтың жерге түсуiн күтiп жүрмiз бе? Қайтсек те осы ғасырдың қазағы болып, ескi әдеттерден арылып, бойымызға таза рухани құндылық жиюымыз керек
Тоқтабүбi Әлменова,
Меркi ауданы,
Жамбыл облысы.
 
***
...Кеңес одағы ыдырағаннан кейiн Қазақстанның егемендiкке қолы жеттi ме? Егемендiкке кiмдердiң қолы жеттi?
...«Халқым» дейтiн болсаңдар, өзiмiздiң өндiрiсiмiздi көтерiп, сол өндiрiстiң өнiмдерiн неге пайдаланбаймыз? Жұмыссыз жүргендерге де жұмыс табылар едi. Өндiрiс ашуға қаржы бiзде жетедi.
А.Өтебаев,
Орал қаласы.
 
***
...Көп жылдық еңбек өтiлi бар ұстаздың: «Ауылдағы бiр өскен әулетпен өмiр бойы бiрге көршi болып келемiз. Балалары бәлендей сабаққа алғыр болмады. Ал қазiргi заманда осылар бақуатты тұрады. Шаруашылықтарында мың-мыңдап малдары бар. Ал қос-қос дипломды қыз-жiгiттерде ондай байлық жоқ» дегенi есiмде. Жаратқан ием әр пендеге әртүрлi дәрежеде қабiлет берген. Сол берiлген қабiлетке қарай бiреу ғалым, бiреу техника маманы, бiреу дәрiгер және тағы сол секiлдi мамандық иелерi болады. Әркiм өз тiрлiгiн жасауда. Бұл тек қазаққа ғана емес, дүниедегi адам атаулыға тән қасиет.
С.Сарғожаев,
Шайыр ауылы,
Маңғыстау облысы.
 
***
...Әпкемнiң жүгiн пойызға артып, Қызылордаға бiр топ адам тартып кеттiк. Менiң алғаш рет пойызға оты­руым. Бәрi қызық. Таңсық. Апамның әпкеме арнап тiккен көрпелерiн ораған бумалары купеге сыймай, әбден қорлық көрдiк. Сол пойызда көршi купеде Әсем атты қызбен таныстым. Әсем десе әсем едi. Апам менiң ұялғаныма пыс­қырмай, бiздiң купеге сыймаған әпкемнiң заттарын солардың купесiне қойды. Апам да қызық, әй-шайға қарамай, рұқсат та сұрамай, «Жоғары жақтарың бос екен, мына затты сол жаққа қояйық, – дедi отырған мен құралыптас жастарды көзiмен бiр шолып өтiп. Содан соң маған әмiр еттi: – Әй, не аузыңды аңқита ашып қарап тұрсың? Әкел ана заттарды мына жаққа...».
Туу, менiң де жiгiт болып қалғанымды ұмыта беретiнi несi екен, осы?!
...Әсемнiң есiмiн бiлгенiм болмаса, қайда оқитынын, Алматының қай жағында тұратынын әлi күнге дейiн сұрамағаныма өкiнемiн...
Кәкiмжан Бесатаров,
Талдықорған қаласы.
 
Оқырман хаттарын екшеген – Сәлима Ысқақова
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті