1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 қазан 2010
Нұрекең еске түседi

Баспасөзге жазылу науқаны басталған кезде түлкiбастық ұстаз, бiлiмдi тарихшы, бiлiктi басшы, өмiрден өткенiне әлi бiр жыл тола қоймаған Нұрмахан Келсейiтов ағай еске түседi. Оны үлкен-кiшi «Келсейiтов ағай» дейтiн. Бұл сөзде үлкен құрмет, iзет бар едi. Аға ұстаздың сыртқы қалтасынан «Жас Алаш» газетi түспейтiн. Құдайдың құтты күнi солай. Ол кiсiнiң бар көрнекiлiгi, сабақта пайдаланатын қосымша құралы «Жас Алаш» болатын. Бипаздап сөйлеп, асықпай, байыппен сабақ түсiндiргенде, бөлме iшiнде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, оқушылар сiлтiдей тынатын. Сөздерiне нақты мысалдар келтiрiп, өзiнiң сүйiктi «Жас Алашынан» үзiндi оқып беретiн. Сабақтан соң да мұғалiмдер бөлмесiнде әрiптестерiне, жас ұстаздарға сол «Жас Алашын» айқара ашып тастап, кiшiгiрiм пiкiрталас ұйымдастырып отырушы едi, марқұм. «Бұл газеттi алысымен әуелi шолып шығамын, содан соң үйге барып бiр әрпiне дейiн қалдырмай оқимын» деушi едi масаттана.

Қазiр де аулымызда «Жас Алашты» оқитындар көп. Мүмкiн, Нұрағадан жұққан болар. Оны асыға, сағына күтетiндер қаншама?! Әйтеуiр, «Жас Алаш» келсе, ойыма Нұрекең түседi. Бүгiн де «Жас Алашқа» жазылып, Нұрағаңды еске алып отырмын.
 
Серғазы Әбiлмажанов,
Түлкiбас кентi,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті