1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 қазан 2010
Әз-ағаңа екi сағат дегенiң аз екен...

Атақты жазушылармен елдiң, оның iшiнде жастардың жүз­десiп, сұрақ қойып, жауап алып жататын қызықты кездесулер тек кешегi Кеңес заманында ғана болған шығар деп ойлаушы едiк. Жоқ, олай емес екен. Жақында ғана Тараз мемлекеттiк педагогикалық институтында белгiлi халық жазушысы, Мем­лекеттiк сыйлықтың иегерi Әзiлхан Нұршайықовпен болған кездесу жастардың жүрегiне шоқ түсiрдi. Шығармаларының тақырыбы негiзiнен еңбек, ерлiк, махаббат, достыққа арналған Әз-ағаның әдемi әңгi­месiне ынтыққан жастар жазушыны сахнадан зорға дегенде жiбердi. «Жасы 90-ға жақындап қалған қарт қаламгерге бұл кездесу ауыр тимей ме?» – деген де ой болған. Жоқ, Әз-ағаңа екi сағат дегенiң аз екен. Қайта жастармен сөйлескен сайын қанаттанып, рухтана түстi.

– «Махаббат, қызық мол жылдар» романым – менiң соғыс­тан кейiн келiп оқуға түскендегi бiрге оқыған, маған көп көмек еткен курстас қыздардың құрметiне жазған шығармам екенi белгiлi, – дедi жастармен кездесуiнде Әз-аға. – Бұл қыздардың көбiсiмен көзi тiрiсiнде араласып тұрдым, қазiр олардан қалғаны – Меңтай ғана. 2002 жылы Меңтай 75 жас­қа толған тойын жасады және оған 40 жыл ұстаздық қызметпен айналысып, әдеби кейiпкер болғаны үшiн өзi тұратын Кентау қаласының «Құрметтi азаматы» атағы берiлдi, соған байланысты шақыртқан соң ауруханада жатқан жерiмнен сұранып, барып қайттым. Меңтайға және үй iшiне сыйлықтарымды алып, жол жүргелi отырғанымда, үйге министр Мұхтар Құл-Мұхаммед келдi, қасында жазушы Кәдiр­бек Сегiзбаев бар. Сөйтсем, Мұхтар менiң зайыбым Халима қайтыс болғаннан кейiн берген уәдесiн орындап, «Махаббат, қызық мол жылдардың» жаңа басылымын жасап алып келген екен. Бұл кiтаптың дүкенге түскенiн бiлген соң, 75 кiтап сатып аламын деп едiм, Мұхтар «оны не қыласыз?» деп, шопырына телефон шалып, дүкеннен 75 дана кiтапты әкелдiрiп бердi. Соны алып Кентауға тарттым. Тойдан қайтарда Меңтай менi шығарып салып тұрып, маған жүзiк сыйлады. «Бұл сақинаны мен 15 жасқа толғанда анам сау­сағыма салып едi, мұны мен 60 жыл тағыппын, ендi осыны сiздiң қолыңыз ұялмасын деп сыйлаймын», – дедi Меңтай. Ол жүзiкке «Меңтай – Ербол. Кентау қаласы, 2002 жыл» деп жазыпты. Сақина қазiр менiң сейфiмде тұр. «Мәңгi­лiк махаббат жыры» атты кiтабым жарыққа шыққан кезде тұсаукесе­рi Қыздар институтында өттi, сол жерде маған «Махаббат президентi» деген атақ бердi. Жақында ғана шетел тiлдерi институты кездесуге шақырып «Махаббат патшасы» деген атақ ұсынды. Осы сияқты маған оқырманның берген атағының өзi жеткiлiктi, ол үшiн, әрине, ризашылығым зор. Ал жастар­ға келетiн болсақ, менiң оларға айтарымның бәрi шығармаларымнан көрiнiс тапқан. Мен жалаң махаббатты ғана емес, сол арқылы адамның адам болып қалуын­ көрсетуге ұмтылдым. Қазақтың жастарының бәрi Меңтай мен Ербол сияқты адал болса деп армандаймын».
...Кездесу барысында Әз-ағаның шығармаларынан кө­рiнiс­тер қойылып, институт ректоры Асқар Әбдуалиев қарт қаламгерге құрмет көрсеттi.
 
Оралхан ӘБДIРАШҰЛЫ,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті