1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 қыркүйек 2010
Аққу, шортан һәм шаян...

Тiл тазалығы жайында сөз қозғалса, жастар кiнәлi боп шыға келедi. “Өз тiлдерiн өзге тiлмен шұбарлауда” деп айыптайды бiздi. Не себептi жастар тiлдi шұбарлайды? Бiрiншi се­бебi – “Үштұғырлы тiлдiң” күшке енуi. Яғни, Қазақстан жастары жан-жақты, үш тiлдi де жетiк бiлуi керек. Бұл Заң шықпай тұрғанның өзiнде, мысалы, бiз қазақ тiлiмен қатар орыс, ағылшын тiлдерiн 3-сыныптан бастап оқыдық. Нәтижесi, белгiлi. Қазiргi жастардың тiлге деген шорқақтығы осыдан болар, бәлкiм. Қазiр тереңдетiп оқытатын мектептерде, қарапайым мектептерде 2-3-сыныптан бас­тап үш тiлдi қатар оқытады. Мектеп табалдырығын аттамай жатып, баланың санасына үш тiлдi тықпалаудың қажетi қанша? Ертеңгi күнi олардан да осындай қазақшасы шорқақ, орысшасы кемiс, ағылшыншасы мәз емес жастардың шықпасына кiм кепiл? Осы жайды ойлағанда, Крыловтың “Аққу, шортан һәм шаяны” ерiксiз еске түседi.

“Ана тiлiн жақсы меңгерiп алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес” деген екен Ж.Аймауытов. Егер болашақ ұрпақтың обалына қалмайық десек, әлi де кеш емес. Болашақ бүгiннен басталады. Әрине, жас­тардың жан-жақты болғаны жақсы, бiрақ “өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметтегенге” не жетсiн!
Қысқасы, бастауыш мектепте тек қана ана тiлiмiздi оқысақ, өзге тiлдерге кейiн де үлгеремiз ғой.
 
Айжан Қасымова,
Т.Рысқұлов мектебiнiң
11-сынып оқушысы,
Т.Рысқұлов ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті