1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 қыркүйек 2010
Жақсылық жасасаң, жарнамалама!

Биылғы оқу жылы қасиеттi Ораза айына сәйкес келгесiн бе, жағдайы жоқ отбасылардың балалары мектеп киiмдерi мен оқу құралдарына қарық болды. Қайырымдылық қол­ұшын бергендер былтырғыдан екi есе көп деп те айтылып жатыр. Жақсылық жасаған жақсы-ау, әттең көп жағдайда жоқ-жұқа тiршiлiк кешiп жатқан баланың көңiлiне қаяу салып алдық па деп ойлайтын болдым. Себебi мынада. Жергiлiктi «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасынан Ақтөбедегi базарлар желiсiн басқарып отырған кә­сiпкердiң жетiм қалған екi баланы 30 мың теңгеге киiндiр­генiн көрсеттi. Базардың бастығы киiмдер мен сөмкенi бала­лардың қолына ұстатып тұрған сәттi ұзақ көрсеттi. Жетiмдi бағып отырған әже байғұстың көзiнен жас ерiксiз шығып кеттi. Оператор оны да қалт жiбер­медi. Жақсылығын жарнамалап жатқан базаркомның жанында екi иықтары салбырап тұрған естияр қос мұңлыққа ерiксiз назар аудардым. Құдайым-ау, қос же­тi­мек налып тұр, арланып тұр. Жер­дiң тесiгi болса кiрерге даяр тұрған балаларды неге ая­мады? Қайырымдылықты көзi­ қарақты жан көрсетпей жасар едi. Мынау тап-таза жарнама ғой!

Байшыкештiң сыйға тартқан екi костюмi қос мұңлықты жерге тығып жiбердi. Көмек қолын соз­ғаны емес, қайыршыға сүйек лақтырған тәрiздi сый ғой бұл. Естияр балалар үлкендер ұқпаған нәрсенi тез түсiндi. Көздерi айтып тұр. Осы сюжет көз алдымнан кетпей қойды. Әй, бiз осы жақсылық жасауды да бiлмей­мiз. Қайырымдылық деген – көмекке мұқтаж жанды қайыршыдай көру емес.
 
Әсия Нұртазина,
Ақтөбе.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті