1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қазан 2009
Автобустар жарысы қашан тоқтайды?

Осы күнде қоғамдық көлiкке отырып, барар жерiмiзге жайбарақат барып келе алмайтын болдық. Елiмiзде алты миллион автокөлiк бар екен. Осы үлкен санның бiрнеше пайызын қоғамдық көлiктер құрайды. Ал қоғамдық көлiктi табыс көзiне айналдырғандар – қаны қызу, жиырмадан жаңа асқан өрiмдей жастар. Үлкен автобустардың күндiк жоспары 22 мың теңге болса, шағын автобустардiкi – 8 500 теңге екен. «Осыдан арттырып қалтаға бiрдеңе бассақ» дейдi жүргiзушiлер. Бiрақ, жүргiзушiлердiң жол ережесiн бұзың­қырап, бәсекелестiктiң қызығына түсiп, көлiгiнде отырған жолаушының жайын ұмытып кететiнi өкiнiштi. Мұның бәрi жолсерiктердiң де көбiне этиканы сақтамауы, қала мәдениетiне бейiмсiздiгi, арнайы кондукторлық бiлiмнiң жоқтығынан. Автобустың табалдырығына аяғыңды басқаннан тез-тездеп желкеңнен ұстағандай сығылысқан көптiң iшiне сүңгiтiп жiбередi де, түсерiңде жамбасыңа бiр тепкендей шығарып жiбере салады. Жылдамдықты асырған автобустар бiрде жеңiл көлiкке соқтығысса, бiрде жаяу жүргiншi­нi қағып кетедi. Жұлқынып-сiлкiнген автобуста басқа бас соғысып, сүрiнiп-қабынып жүргенiң, әйтеуiр. Әсiресе, түс қайта автобустар оқалағы ұстаған танадай өзара жарысып шаба жөнелгенде, бағдаршамға өзге көлiктi соға-моға тоқтағанда, жаныңды шүберекке түйiп отырасың. Жеңiл көлiктер мен автобустардың бiр-бiрiне жол бермеуi сияқты ерегiстердiң соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады.«Неге жай айдамайсыңдар?» – дегенге: «Уақыттан қалып барамыз...», «...жоспар орындау керек», «бәсекелестерiмiз адамдарды жинап кетедi...» – деп өз мүдделерiн көздейтiн уәждерiн айтады.

Қысқасы, қоғамдық көлiктердiң өзара бәсекелесi, жарыса жүйткуi жолаушы жандардың жүйкесiне салмақ салып бiттi. Алматының тар көшелерi автобустардың жарыс жолына айналғандай.
Нұрлан Тобақабыл,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті