1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қазан 2009
Ақселеу еске түскенде...

Алтынның қолда барда қадiрi жоқ. Егерде осыны Мұқағалидың тiлiмен айтсақ, «Ақынмын деп қопаңдап жүргендердiң, әммесiнен Қасымның десi басым» болып шығады. Демек, бүгiнде «ғұлама» болып жүрген, билiкке көпшiк қойып «ғұламаға» қол жеткiзген шала жансар «ғұламалар» Сарыарқаның сар жазығында оқыранып үйiрiн қайырып жүрген, анадайдан көз тартатын ақ күмiс жолды арғымақ Ақсе­леудiң тырнағына да тұрмайды...

Қайран қазақтың қаз дауысты Қазыбегiндей айтулы азамат Ақселеу iнiм, сенiмен мен осы кең дүние­де жүрiп қол алысып, таныспай, бiр кеш шер тарқатпай қалғаныма өкiнемiн.
Әрине, кезiнде бұның да өз себептерi болды. Десе де, жазмыштан озмыш жоқ. Бәлкiм, Жаратушының өз шешiмi болар, екеу­мiздi аттың жалы, түйенiң қомы арпалыстар заманында таныс­тыр­маған?! Кiм бiлiптi...
Әйтсе де, Алланың рахымы да мол емес пе?! Көңiлi түссе, ол бiздi О дүниенiң ақ дастарханды мәуелi бағында да кездестiруi мүмкiн ғой. Сабыр түбi сары алтын. Шыдалық... Түбi сен барған жерге ерте ме, кеш пе, менiң де баруым хақ қой?!.
Кәрiшал Асан-Ата,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті