1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қазан 2009
Зейнетақы бiзде неге ала-құла тағайындалады?

Менiң жасым бүгiнде 75-тен асты. Баспасөз ардагерiмiн. 1959 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттiк университетiн бiтiрiп, Жамбыл облыстық “Еңбек туы” га­зетiнiң редакциясына жұмысқа орналасқан едiм. 1962 жылы мау­сым айында газет қысқарып, сол жолы Мерке аудандық “Коммунизм туы” газетiне редакторлық қызметке жегiл­генмiн. Облыстан Красногор ауданы ашылып, 1974 жылы аудандық “Коммунизм жолы” газетiне редактор болып кiрiстiм. 1979 жылы Алматыдағы “Қайнар” баспасына аға редактор болып қызметке ауыстым. 1980 жылы “Қазақстан коммунисi” журналына аға әдеби қызметкер болдым.

1982 жылы мамыр айының басында әйелiм мен менiң ден­сау­лығым болмай, Мойынқұмға ауысуға тура келдi. Жұмысты аудандық партия комитетiнде аға нұсқаушы болып бастап, соңғы жылдарымды бөлiм бастығы болып төрт жылдан астам қызмет еттiм. 1992 жылдың басында аудандық газетке редактордың орынбасары қыз­ме­тiне ауыстым. 1994-98 жыл­дары тоқырау жылы басталды да, бiр жылдан астам айлық алмай қалдық. 1999 жы­лы зейнетке жасым жетiп тұр­ғандықтан, айлық ала алмаған соң зейнетке шығуға мәж­бүр болдым. Сол жылдары барлық жеңiлдiктер қысқарып, менiң еңбек өтiлiм, партия-кеңес қызметiнде болғаным ескерiлмей, бiр айлығым ғана ескерiлiп,         4811 теңгемен зейнетке шыққан едiм. Сол жылы менiмен қатар зейнетке шыққан Жамбыл аулының тұрғыны Жасұзақ Иманқұлов 1488 теңгемен – ең төменгi көрсеткiшпен зейнетке шыққанын бiлемiн.
Жасұзақ Иманқұлов бүгiнде 25115 теңге зейнетақы алады. Ал менiң қазiргi алатын зейнетақым – 20110 теңге. Өткен жылғы менiң зейнетақыма қо­сыл­ған 2000 теңге мен прези­ден­тiмiз қосқан 600 теңге зейнетақымнан алынып тасталып, биылғы жыл басында қосылған теңгемен қалып отырмын. Өткен 2008 жылдың басында мал шаруашылығында iстеме­ген, кез келген жұмыста жүрген Бөстен Тұрғынбеков, Аманқұл Өрiсбаев, Нязбай Рысбеков, Ноғай, Күмiс, Қаржаубай, тағы сол сияқты көптеген ауылдастарымның зейнетақысына 10 мың теңгеден қосылды. Сөйтiп, олардың қазiргi зейнетақысы 30 мыңнан асып кеттi. Бiз ескерусiз айдалада қалдық. Менiмен аудандық партия комитетiнде қызмет iстеген Ш.Қалтаев қазiр 32 мың теңгенi ай сайын алып, алшаң басып жүр. Мен 20 мың теңге алып, мүсәпiрлiк күй кешудемiн. Осы дұрыс па? Әдiлдiк қайда?
Мен 1934 жылы туылғанмын. Арнайы мұрағат анықтамасы бар. Құжатта “О.Тасыбеков 1934 жылы туылған” деп көрсеткен. Солай болса тұрса да Төле би ауылындағы Сталин атындағы колхозда сегiз жасымда жұмыстың ыстығына күйiп, суығына тоңып, уақытпен санаспай арба айдап, қызылша, астық өнiмiн тасыған кезiм, масақ терiп терлегенiм еленбей қалғанына қалай зығырданың қайнамайды. Құжаттарыма сенiмсiздiкпен қарап, сөз бұйдаға салынып келедi. Егер қабылданса, зейнетақыма 3 мың теңге қосылар едi. Бұл да болса көңiлге медеу болар едi. Ал мен секiлдi өмiрдiң нағыз бейнетiн көрген, елiне, жерiне ерiнбей еңбек еткен зейнеткерлер саусақпен санарлықтай қалды емес пе? Зейнетақы бiзде неге ала-құла тағайындалады? Еңбегiмiз ендi қашан еленедi?
Орынбай Тасыбеков,
қарт журналист,
Мойынқұм ауылы,
Мойынқұм ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті