1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қазан 2009
2030 жылы Қазақстан қандай жағдайда болар екен?!.

 

 
Бiрде көшеде кетiп бара жат­қам. Жалғыз өзiм болған соң алды-артыма бұрылмадым. Алдымнан бiр қартаң әйел мен жас қыз көрiндi. Маған қарай бұрылып: «Жасың он жетiден асты ма?» – дедi. Мен: «Әрине», – дей бергенiм сол едi, «Ендеше мына кiтапты оқыңыз, мына мекенжайға хабарласыңыз», – деп жедел жүрiп кеттi. «Күнәһар» болып қалмаспын деп, кiтапты бастан-аяқ түгел оқып шықтым. Оқысаң оқи бергiң келедi-ақ екен. Бiрақ, бiздiң ислам дiнiн ұмыттырып, өз құдайларына табынуға шақырады. Ерiк-жiгерi жоқ адамдар мұсылманшылықтан ада болып, кәдiмгi қолдан жасалған құдайға табынып кеткенiн бiлмей де қалады. Қазiргi кезде жас та, кәрi де неше түрлi дiнге жайлап кiрiп жатыр. Тiптi, өз таныстарын үгiттейдi. Сол дiндердiң қолдан жасалған құдайларына табынып, қолын көкке созып, қажетсiз дұғалар оқиды. Тiптi, төбеден сұрағанын үйiп-төгiп жiбергендей қайта-қайта мың сан рет рақметiн жаудырады. Қолына түскен ең тәуiр дүниенi осы «Киелi үй» деп аталатын жерге әкелiп бередi. Туғанына қимаған барлық асылдарын әкелiп жатқан «ессiз» халықтың сәби құрлы ақылдары жоқтығына күйiнесiң. Олардың кейбiрi күнкөрiс үшiн осылай жасап жатады. Көбiсi жастар. Студенттер.
Иә, олар өз уағыздарын тыңдату үшiн жас талғамайтын секiлдi. Тек сенгiш, көнбiс адам табылса болғаны. «2030 жылы Қазақстан қандай жағдайда болар екен?» дегендi ойлап көрдiңiз бе? Қазекемдер басқа дiл, басқа тiл, басқа дiндi қабылдап жүре берсе, мұның аяғы не болады?
Жанар Сыдықова,
Жосалы кентi,
Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті