1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 шілде 2010
Мәди туралы кино түсiрiлсе...

Қазiргi балалар көркем-әдеби шығармаларды оқымайды. Газет-журналға да енжар. Адам рухани жағынан баюы үшiн көркем-әдеби шығармаларды көп оқуы қажет. Бiз бала кезiмiзде кiтаптарды жарыса оқитынбыз. Бiр-бiрiмiзден сұрап алып оқып, мазмұнын айтысып, таласатынбыз. Басты кейiпкерлерге елiктейтiнбiз. Кiтапқа деген құштарлық мүмкiн сол кездегi ақпарат құралдарының аздығынан да шығар? Пiр тұтатының – ұстаз, оқитының кiтап едi. Ал қазiр ше? Әр үйде – компьютер, интернет...

Менiң оқыған кiтаптарымның бiрi – Әлжаппар Әбiшевтiң «Найзағай» повесi едi. Ақын, композитор, әншi әрi серi, батыр Мәди Бапиұлы туралы. Ерекше ұнады. Елiктiрдi. Бiрнеше мәрте оқыдық. Мiне, осы кiтаптағы Мәди бейнесi киноға сұранып-ақ тұр. Достығы, жомарттығы һәм мәрттiгi, шешендiгi, ат үстiндегi айқас өнерi нағыз қазақ бейнесiн танытпай ма?!
Қазақ режиссерлерi осындай елжандылыққа, отансүйгiштiкке, адалдыққа тәрбиелейтiн, салауаттылық негiзi спортты, өнердi, ән, күй, жырды дәрiптейтiн киноларды көп түсiрсе ғой. «Бiржан сал» түсiрiлiптi. Қуандық. Ендi Ә.Әбiшевтiң «Найзағай», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», З.Ақышевтiң «Жаяу Мұса», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» және тағы да басқа шығармалары бойынша фильмдер түсiрiлсе, қазақ жастары үшiн тәрбиелiк мәнi зор болар едi. Әрi рухыңды көтере түсер едi. Жастар қызығатын махаббат та, атыс-шабыс, айқас та бәрi де осы шығармаларда кездеседi.
Серғазы Әбiлмажанов,
Түлкiбас ауылы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті