1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 шілде 2010
Ауылды құрту – қазақты құрту деген сөз

Ертiс ауданының әкiмi В.И.Левченко Сiлетi аулының тұрғындарымен ал­ғаш кездесуге барғанда, жергiлiктi жұртшылықтың «ауыл жастары үшiн мәдениет орны қажет» дегенiне: «Ауылдарың әрi кетсе оншақты жылда тарап бiтедi. Келешегi жоқ ауылға шығындалудың не керегi бар?!» – дептi. Ауылдың табалдырығын аттамай жатып, танысып үлгерместен олай деп айтуға кiм құқық бердi? Қателеспесем, облыс әкiмдiгi ол кiсiнi Ертiс ауданына сол қирап қалған ауылдарды қалпына келтiрсiн, елдiң еңсесiн көтерсiн деп жiберген жоқ па. Ал әкiмнiң айтып отырған сөзi мынау.

Мұнда 800-ден астам тұр­ғын бар. Тарихы үш ғасырдан әрiге кететiн Сiлетi ауылы жайлы әкiм­нiң мұндай ұшқары пiкiрi ел бас­қаратын адамға лайық емес! Сi­летiде жалғыз үй қалса да, «Сiлетi елi», «Сi­летi ауылы» болып аталып қалады. Әкiм елдiң жоғалтқанын орнына қоюға емес, керiсiнше, оны жоюға келген сияқты.
Мен алыста жүрсем де, ел-жұртқа демеу болсын деп, жер­лес­терiмнiң туған жерде тұрақтауына әсерi тиер ме екен деп мешiт салдырып, «той-думан, ас беру рәсiмде­рiн өткiзерлiк кең дастархандары болсын» деп, барлық қажеттi жабдықтарын әкелiп, екi жүз орындық асхана салдырып, мектеп кiтапханасына екi мың данадан астам әдеби кiтаптар сыйлап, екi жүздей кинофильмдер апарып жүр­сем, әкiм елiмнiң жаназасын ертерек шығарып қойыпты. Ауданның бiрiншi басшысы осындай пiкiрде болса, одан жанашырлық күту күмәндi шаруа екенi белгiлi. Мен ол кiсiмен талай кездесiп, өңiрдiң өзектi мәселелерiн айтқанда, «қаржылық мүмкiндiктер болмай жатыр» деп сүйретпелi сөздермен шығарып салатын. Орыстың «Была бы курочка, суп сварит и дурочка» деген мақалы бар. Оны айтып отыр­ған себебiм, елге қаржыдан гөрi, жанашыр қамқорлық, ұйымдастыру жетiспей жатқан сияқты. Ауылдағы 90-ға жуық бала оқитын мектепте негiзгi үш-төрт пәндерден мұғалiмдер жетiспейдi. Биыл оныншы сынып жабылып қалыпты. Келесi оқу жылында он бiрiншi сынып та болмайды деседi. Сондықтан кейбiр отбасылар басқа жаққа қоныс аударуда. Мұға­лiм­дерге арнап тұрғын үйлер тұрғызылса, қаржылай несиемен көмектессе, кадрлардың тұрақтауы да мүмкiн. Оған президенттiң ауылдық жерге жұмысқа барған­дар­ға мате­риал­дық көмек көрсе­тiлсiн деген тапсырмасы да қолайлы болып отыр. Ауылда әзiрше мәдениет үйiн салуға қаржы табылмаса, мектепке апарып берген кино­фильм­дердi тамашалауға ауыл тұрғындарына кең экранды теледидар алып берсе де болады ғой.        
Республика көлемiндегi ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету жоспары да су аяғы құрдымға кетiп отыр. Ауылды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында облысқа өтiнiш айтып, осыдан екi жыл бұрын су скважинасының жо­басын да­йын­дап едi. Ол орта жолда қалды. Ертiс суын алыстағы ауылдарға жеткiзудегi құбырдың құрылысы да сағыздай созылып кеттi. Ендiгi қаупiмiз, сол Ертiс суы алыстағы «келе­шегi жоқ» ауылдарға жетпей кете ме деп күмәнданамыз.
Сiлетi совхозы бұрын 20 мың гектардың үстiнде дәндi дақылдар егетiн, қазiр бiр жекеменшiк шаруашылық қана бiр мың гектардың мөлшерiн­де егiн салады. Қалған тұрғындарда трактор да, комбайн да жоқ. Жас кезiмiзде мектепте көне грек тарихын оқығанымызда, Антей деген алып болған екен, оған ешкiмнiң әлi жет­пейдi. Оны жеңу үшiн табанын жерден айыру керек. Ол бар күш-қуатты жерден алады-мыс дейтiн. Елдi егiстiк жерден айыру, соны еске салады. Ауылдағы ел-жұрт жерден өнiм алмаған соң не болады? Қазiр халық нарықтың қыр-сырын түсiндi. Ауыл азаматтарына 3-4 мың гектар егiн егуге мүмкiндiк жасаса, әрмен қа­рай қалыптасып-ақ кетер едi.
Ауылдағы дәрiгерлiк бақылаудың жағдайы өте нашар. Кейбiр бiлгiштер «ауылдағы аурулар қаладағы аурухана­лар­ға келiп емделсiн» дейдi екен. Бұған күлесiң бе, жылайсың ба? Алыстағы ауылдарға жылына бiр рет болса да арнайы құрал-жабдықтарымен дәрiгерлер тобын шығарып, тексеру ұйымдастырса, нұр үстiне нұр болар едi.
Облыс, аудан көлемiндегi көптеген салалық мекеме­лердiң басшыларының ондаған жылдар бойы алыстағы ауылдарға бiрде-бiр рет ат iзiн салмағанын естiгенде, ауыл мәселесi әзiрше ешкiмдi елең еткiзiп отырмағанын байқайсың. Ауыл – қоғамның құрамдас бөлiгi. Сондықтан оларға да жалпыхалықтық назар, әсiресе, билiк тарапынан қамқорлық қажет. Өкiнiшке қарай, ондай қамқорлық жасалмай тұр!
 
Әубәкiр Аманұлы,
республикалық дәрежедегi дербес зейнеткер,
Астана қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті