1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 шілде 2010
Адамдар да, малдар да бруцеллезбен ауыруда

2009 жылдың сәуiр айында Алматыдан осы ауылға көшiп келдiм. Байқағаным, ауыл тұрғындарының бруцеллез деген ауруға етi де, бойы да әбден үйренiп алыпты. Адамдар да, малдар да осы аурумен жиi ауырады. Биыл бұл ауру мүлде асқынып тұр. Жанталасып жатқан не әкiмшiлiк, не мал дәрiгерi, не адам дәрiгерi жоқ. Ауыл тұрғындары да бұған мойынсұнған секiлдi. «Не iстеймiз, көппен бiрге көрермiз...» дейдi. Бастықтардың қырына iлiгiп кетiп, жұмыстан айырылып қалғысы келмейдi. Ауылдағы екi-үш үй: «Былтыр әр малға 300 теңгеден төлеп, дәрi ектiрдiк» дейдi. Мал дәрiгерi Мырзағазы Шәрiпов өз iсiне салғырт қарағанымен қоймай, баласына малға дәрi ектiрiп, қан алдыртып жүрдi. Тек шу шыққан соң барып қана қойды.

Бруцеллез ауруымен менiң көршiмнiң келiнi, оның 3 айлық сәбиi мен 2,5 жастағы баласы ауырды. Әрбiр малдан қан алып, уақтылы ексе, ауру малды сау малдардан бөлiп отырса, қаңғып жүрген иттердi құртса, бруцеллез азаяр едi. Осы ауру кейбiр үйден 14 ұсақ бас, iрi малдан 3-5 басқа дейiн шығынға батырды. Iрi малды ауылдан алып кеттi, ұсақ малды ауылдың шетiне шұңқырға көмiп тастады. Бұрын бруцеллезбен ауырған малды өртеушi едi.
Қалаға ет пен сүт қайдан барады? Әрине, ауылдан барады. Сонда бұл ауру тек бiз­де ғана емес, қалаға да тарайды деген сөз. Ауылда құтыру деген ауру да болған екен. Менi тапа-тал түсте ит талап, аман қалдым, әйтеуiр. Ауылдық емхана тек орталыққа жолдама жазып бердi. Жарамды байлап беруге шамалары келмесе, ауылға емхана не үшiн керек? Жолдамамен ауданға барып, дәрiгердi табаны күректей 5 сағат күттiм. Егер ол құтырған ит болса, менiң жағдайым не болар едi?
Сандуғаш Бейсембаева,
Жыланды ауылы,
Алакөл ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті