1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қазан 2009
Жақсы ойлауға тырысыңыз

Мен не нәрсе болса да жақсы ойлауға тырысамын. Бiрақ, адам болған соң кейде ойыңа жаман пiкiрлер де түседi. Сол кезде бiрден атамды есiме аламын. Оның себебiн де айтып берейiн.

...Атам менi қасынан тастамайтын. 5 жасымнан бастап аттың үстiне жалғыз отырғызатын. Өзi де күрең атқа мiнiп алып, ауыл-ауылда тұратын туыстарды аралайтынбыз. Әлi есiмнен кетпейдi, 2-сынып оқып жүргенiмде түс көрдiм. Түсiмде бойы ұзын адам атамды иығына салып алып кетiп бара жатыр екен. Мен «Ата, кетпешi... менi тастап кетпешi...» деп жылап жатып ояндым. Жанымда жат­қан атам: «Бiссiмiллә... Жаман түс көрдiң бе? Қорықпа, мен қасыңдамын», – дедi.
Ертесiне шай iшiп отырып мен түсiмдi айттым. Атам: «Е-е, балам, жақында мен сенi тастап кетедi екенмiн», – дедi күрсiнiп. «Бiрден жаман ойлағаның не? Бойы ұзын адам сенi алып бара жатқаны, мына немереңнiң (менi нұсқап қойды) мерейi үстем болады екен. Осының арқасында сенiң де мерейiң биiк болады», – дедi үйде қонақтап жатқан атамның құрдасы Сатқан атам. Бала болсам да атамның дауыс ырғағынан бiр жаманшылықтың болатынын түсiнгендей болдым.
Араға бiр жетi салмай, атам қан қысымынан қайтыс болды. «Егер атам сол кезде түстi жақсыға жорығанда, мүмкiн, аман қалар ма едi» деп ойлаймын. Әсiресе, атамды сағынған кезде.
Төке Мырзакелдi,
Аягөз қаласы,
Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті