1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15508) 24 маусым, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 маусым 2010
Қаржы полициясы қылмысқа көз жұма қарайды...

Мен 1998 жылы Асқар Жылқыбеков деген азаматпен заңды некеге тұрдым. Бiр жылдан кейiн ұлымыз Байғозы дүниеге келдi. Көп ұзамай-ақ, «үйлену оңай, үй болу қиын екенiне» көз жеткiздiм. Бiздiң некемiздiң берiктiгi ұзаққа бармады. Ажырасуымыздың басты себебi – күйеуiмнiң iшiмдiкке салынуы мен есiрткiге тәуелдiлiгi болды. Iшiмдiктi қою үшiн ол 2000 жылы «Доктор Лукьяненко» орталығында емделiп те көрдi. Бiрақ, бiр жыл жетер-жетпестен қайтадан iшiмдiкке берiлiп кеттi. Содан 2002 жылы №2 Тараз қалалық сотының шешiмiмен екеуiмiз ажырастық.

Негiзi қазақ болып өмiр сүру бiр қызық қой. Ағайын-туыс, дос-жаран бар дегендей... Солардың дәнекер болуымен 2002 жылдан берi бiз күйеуiмiз екеуiмiз қайта қосылдық, одан қайтадан ажырастық. Бұрынғы ортасынан алыста, ендi екi баласы бар, бәлкiм күйеуiм бәрiн түсiнiп, жұмыс iстеп, отбасын асырайтын шығар деген оймен 2005 жылы Астанаға да көштiк. Алайда, мен алданған екенмiн. Екiншi баламыздың дүниеге келуi де күйеуiмнiң арақ iшiп алып, ұрыс-жанжал шығаратын, қол көтеретiн әдетiне тосқауыл бола алмады. Осы уақыт iшiнде күйеуiм еш жерде жарытып жұмыс iстеген жоқ. Негiзiнен менiң жалақыммен күн көрдiк. Бұл кезде мен баламмен үйде отырған болатынмын, кiрiс кiрмеген соң жағдайымыз мүлдем нашарлап кеттi. Амал жоқ, 2005 жылдың маусым айында екi баламды алып, Тараз қаласындағы анама қайттым. Анам менi шаштараздың курстық оқуына түсiрiп, оқудың ақшасын өзi төледi және балаларыма қарап отырды. Екi айдан кейiн курсты бiтiрiп, қайтадан Астанаға оралдым. Бiрақ, шаштараз саласында ешқандай тәжiрибем болмағандықтан жұмысқа тұру оңай болған жоқ. Тек бiр ғана шаштараз менi практикант ретiнде қабылдап, оның өзiнде мен аптасына үш мәрте еден жуып тұратын болдым. Еден жуғаныма небәрi 300 теңге төледi. Амал жоқ, көнуге тура келдi. Тепсе темiр үзетiн отағасы бар отбасы осылайша Астанада аптасына 900 теңгеге күн көрдiк. Тек 2005 жылдың қазан айынан бастап шаштаразшы болып еңбек ете бастадым.
Бұл кезде күйеуiм әлi жұмыссыз жүрген болатын. Бiрақ, оған екi баламды сенiп тастап кете алмадым. Өйткенi ол өзi де жақсы танымайтын адамдарды ертiп келiп, арақ iшедi. Араққа қызып алған соң кез келген уақытта 6 жасар балам мен 10 айлық қызымды қараусыз қалдырып, көшеге шығып кете беретiн. Мен ешқандай демалыссыз, таңғы сағат 9-дан кешкi сағат 9-ға дейiн бас алмай жұмыс iстедiм. Түскi үзiлiс кезiнде баламды емiзу үшiн үйге жүгiремiн. Күйеуiмнен қайран болмаған соң, тiптi бiраз уақыт балама бас-көз болу үшiн арнайы адам жалдадым. Бiрақ бәрiбiр күн сайынғы ұрыс-керiс, күйеуiмнiң мас болуы, үйден қашып шығып, подъезде тоңып, тығылып тұру... бәрi-бәрi менi әбден қажытты. 2007 жылдың 15 ақпанында күйеуiм бауыры екеуi арақ iшiп алып, «сен кедей отбасынан шыққансың, әке-шешең бiзге көмектесудi бiлмейдi» дегендi себеп қылып, ұрып тастады. Бұл күнi мен көршiлердiң үйiнде қонып шықтым. Ертеңiне туысқандарымды паналауға тура келдi.
«Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi», бiз қазiр күйеуiм екеуiмiз бөлек тұрамыз. Шынын айту керек, алғашқыда күйеуiм өз кiндiгiнен тараған екi перзентiне көмектесетiн шығар, бiр жәрдемiн жасайтын шығар деген ой болған. Қазiргi заманда екi баланы асырау оңай емес. Екi баласына ешқандай қамқорлық жасамаған соң, бiз алимент алу үшiн соттастық. Осы сот процесi кезiнде өзiм бiлмейтiн көптеген шындықтың бетi ашылды. Сот отырысы сайын «мен жұмыссызбын, алимент төлейтiн табысым жоқ» деп сарнайтын күйеуiм Тараз қаласы салық басқармасына жеке кәсiпкер ретiнде тiркелiп, уақытында салық төлеп тұрғаны анықталды. Оның атында Астана қаласында екi жылжымайтын мүлiк болған. Бiрақ, мен қалалық соттан Жоғарғы сотқа дейiнгi барлық процес­терде ұтылып қалдым. Алғаш­қы соттасуда екi-ақ сот отырысы болды да, оның жағына жығып бердi. Оның себебi – бiз күйеуiм екеуiмiз жарасып, қайтадан бiрге тұрып жүрген кезiмiзде мен сот орындаушысына «күйеуiмнен алимент талап етпеймiн, бәрiн тоқтатыңыздар» деген тiлхат жазған көрiнемiн. Бұл – шiп-шикi өтiрiк. Кейiнiрек менiң сұрауыммен өндiрiстiк iстiң көшiрмесiн алып, ол тiлхатты көрдiм. Барлық қағаз ескi, сап-сары да, әлгi тiлхат ғана көп сары қағаздың iшiнде аппақ, яғни кеше ғана қолдан салынғаны көзге ұрып тұр. «Бұл тiлхат қолдан жасалған» деген күдiгiм бекерге шықпады. Сараптама орталығы тiлхатты бiр адамның қолымен жазғанын және ол менiң қолым емес екенiн дәлелдеп бердi. Бiрақ сараптама қорытындысы қолыма тиген кезде соттың шешiмi шығып қойған болатын. Сондықтан мен кешiгiп қалдым.
Яғни, өндiрiстiк iстегi тiлхатты бiреу қолдан, әдейi жасады деген сөз. Осы хат соттың терiс шешiм шығаруына тiкелей әсер еттi. Ал құжатты қолдан жасау қылмыс iстеумен пара-пар емес пе?!. Осы бойынша мен 2010 жылдың 14 қаңтарында Жамбыл облыстық қаржы полициясына арыздандым. Бiрақ, қаржы полициясы қайта-қайта тергеушi ауыстырғанымен бәрi бiр ауыздан «қылмыстық iстiң мерзiмi өтiп кеткен, сондықтан қысқартылды» деген қорытынды шығарады. Соңғы мәрте осындай хатты маусым айының басында алдым. Оның мерзiмi қалай өтедi? Тiлхат 2008 жылдың 16 шiлдесiнде жазылған. Сол бойынша сот орындаушысы М.Дидарбеков 2008 жылдың 18 шiлдесiнде қаулы шығарған. Тiлхат та, қаулы да бiр адамның қолымен жазылғаны дәлелденiп отыр емес пе? Басқа басқа, қаржы полициясының осынау қылмысқа көз жұма қарағанына қайран қалдым. Сондықтан ендiгi үмiтiм – Бас прокурорда. Заңсыздықты анықтап, кiнәлiнi жазалап, екi баламның тиiстi несiбесiн өндiрiп бередi деген ойдамын.
 
Айна Байқоңырова,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті