1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15502) 3 маусым, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 маусым 2010
Кене туралы кеңес берсек

Күн жылынып, жер көгере бастағаннан-ақ қалалықтар мен қала меймандары тауға шығуға, көгалға демалуға ағыла бастайды. Мұндай жағдайда таза ауада тынығушыларға, саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтiп, баптаушыларға, жемiс-жидек теру­шiлерге кенелерден абай болуын ескертемiз. Кененiң шағуы – адамды қауiптi ауруларға және көп жағдайда өлiмге апаруы мүмкiн. Кене үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келедi. Кененiң қауiптiлiгi сонда, олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кейiн байқайды. Ауру сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, мау­сым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт. Ауру белгiлерi кене шаққаннан кейiн 2 аптадан (7-14 күн) соң бiлiне бастайды, кейде 1-2 күннен немесе 45 күннен кейiн бiлiнедi. Себебi, ол ағзаға түскен вирустың көлемiне байланысты. Көпшiлiк жағдайда аурудың жеңiл және орташа түрлерi кездеседi. Бұл жағдайда науқас адамның дене қызуы 38 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырып, бұлшық еттерi сыздайды. Бiрақ, оның ауыр түрлерi де кездеседi. Бұл кезде дене қызуы 39-40 С-қа дейiн көтерiледi, құсқысы келедi, мойнының, қолы мен аяғының бұлшық еттерi сыздап, ауыр тартады.

Кенелерден сақтану үшiн төмендегi ережелердi есте ұстағаныңыз дұрыс. Егер кенелер өмiр сүретiн қауiптi аумақта болсаңыз, ашық түстi киiм киiңiз. Шалбарыңыздың балағын носкидiң iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне салып және мiндеттi түрде кененiң бар-жоғын бiлу үшiн бiр-бiрiңiздi мұқият тексерiңiздер. Егер денеңiзден кененi байқап қалсаңыз, саспаңыз. Кенеге өсiмдiк майын тамызу қажет. Кененiң тұмсығын жiппен орап алып, маятник тәрiздi ырғақты қозғалыспен жайлап денеден шығарып алу керек. Кененi денеден күрт тартып алу – вирус жұқтыру қаупiн арттырады. Шаққан жерiн йодпен немесе спиртпен сүрту қажет.
Тез арада жақын маңдағы медициналық мекемеге барып көрiнiңiз. Сiзге қажеттi көмек көрсетедi. Кененi сақтап қойыңыз және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына көрсетiңiз. Олар кененiң қаншалықты қауiптi екенiн анықтайды.
Үй жануарларының жүнiн қырыққан кезде абай болыңыз. Өзiңiздi қауiптен қорғау үшiн қолыңызға резiңке қолғап киiңiз. Себебi, қауiптi вирусты жаншылған (кесiлген) кененiң қаны арқылы жұқтыруға да болады.
Алматы қаласы мен облыстың таулы аймағы, оның маңы кене энцефалитi ауруының табиғи ошағы болғандықтан, эпидемологиялық қауiп басым. Алматы қаласында жыл сайын кене энцефалитiмен ауырғандар тiркеледi. 2009 жылы 15 жағдай, 2008 жылы 24 жағдай тiркелiптi, оның бiреуi қайтыс бол­ған. Сонымен қатар, кене шаққан малдың шикi сүтiн iшкен кезде немесе оларды қолмен мыжыған кезде кене энцефалитiмен ауыруы мүмкiн.
Кене энцефалитi – орталық жүйке жүйе­сiн зақымдайтын ауру. Ауру белгiлерi кене шаққаннан кейiн 1-2 аптадан кейiн немесе 30 күннен кейiн бiлiне бастайды. Аурудың белгiлерi: дене қызуы 39 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырады, жүрегi айнып құсады, бұлшық еттерi сыздайды. Ауыр түрiмен ауырған дененiң бұлшық еттерiнiң салдануы мүмкiн, бұл өз кезегiнде мүгедектiкке әкелiп соғады. Аурудың алдын алу үшiн кенелер белсендiлiгi басталғанға дейiн кене энцефалитiне қарсы екпе алу керек. Ағзадағы иммунитеттi арттыру үшiн екпенi күздiң соңында немесе қыстың басында алған дұрыс. Егер денеге жабысып тұрған кененi байқасаңыз, уақыт өткiзбей күнi-түнi жедел көмек көрсететiн травматологиялық бөлiм­ше­лерге қаралып, кене энцефалитiне қарсы иммунолобулин алу керек. Қалалық клиникалық орталық аурухана – Алматы қаласы және Бостандық, Медеу аудандарының ересек тұрғындарына, №4 қалалық клиникалық аурухана – Жетiсу, Түркiсiб аудандарының ересек тұрғындарына, №1 балалар қалалық клиникалық аурухана барлық аудандардың 15 жасқа дейiнгi балалары үшiн көмек көрсетедi.
Кененiң бәрi бiрдей ауру таратпайды. Дегенмен, вирус жұқтырғыш кене мен жұқтырмайтын кененi ажырату қиын. Сондықтан ең дұрысы, кененiң денеге жабысып, терiге тереңдеп енiп кетуiнен сақтанған жөн.
 
Шағала Жұмашқызы,
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң маманы.
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті