1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15502) 3 маусым, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 маусым 2010
Күйеуiм екi үйдiң иесi

...Әкесi майданға кеткенде iште қалған сәбидiң өзi 68-ге кептi бүгiнде. Әкелерi қан майданнан аман-есен оралып, ата төсiндегi орден-медальдардың сыңғырын сипап өскендерге қызыға (қызғанып емес) қарайтынымызды несiн жасырайық. Қан майданнан оралмай, арманда кеткен боздақтарды еске алып, аһ ұрған аналарды көргенде... бiздiң де көзiмiзден жас мөлтiлдеушi едi.

Күйеуiм екеумiздiң аталарымыз «халық жауы» боп атылды. Ал ол кiсiлердiң ұрпақтары екiншi дүниежүзiлiк соғыстың құрбандары. Үшiншi ұрпақ, яғни бiз – ауру-сырқаулымыз.
Менiң күйеуiм – химия саласының докторы. Осыдан бiраз жыл бұрын жаман аурумен ауырып, операция жасаған едi. Бiрiншi Алланың, екiншi дәрiгер Сұлтанбек Рахим­ғалиевтың арқасында аман қалды. Дәрiгерге алғысымыз шексiз.
Күйеуiм – екi үйдiң иесi. Әлi де бiздi асырап отыр. Әзiрге сыр берген жоқ. Ешқашан мақтанған емес, шекпендiлерден да ештеңе сұраған емес.
Мәриям СӘРСЕНҒАЛИЕВА.
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті